324
Пайғамбарлар тарихы
Қалың қол Меккеге қарай бағыт түзеді. Мұсылман
әскері тым тақау келгенде ғана мүшріктер олардың
шабуылға шығатынын анық түсінеді. Меккенің айнала-
сын жарыққа бөлеген мың сан отты көрген Әбу Суфиян
екі жолдасымен жағдайды өз көзімен көрмек болып
қаладан шығады. Алайда, олар қолға түсіп қалады,
еріксіз мұсылмандықты қабылдайды.
Келесі күні оны Пайғамбарымыз өз жөніне қоя
береді. Және былай дейді: «Кімде-кім қаруын тастаса
оған қауіп жоқ. Және кімде-кім Харам мешітін, өз үйін
не Әбу Суфиянның үйін паналаса, оларға ешкім тиіс-
пейді».
Меккені қос қапталынан қысқан мұсылман әскері аз
уақыттың ішінде қаланы бағындырды. Ғаламға рақым
ретінде жіберілген Пайғамбарымыз (с.а.с) Меккені қан
төгіспей бағындыруға қатты көңіл бөлді.
Осылайша кезінде мойындағысы келмегендер
Аллаһтың қалауымен Пайғамбарымыздың алдында
мойындарына су кетіп мүсәпір болып тұрды. Мекке
халқы іштей қандай жаза тартатындықтарын ойлап,
уайымдай бастады.
Қағбаның қасына келген, Аллаһ елшісі өзіне осы
уақытқа дейін тек жамандық ойлап келген мүшріктерге
қарата «Енді менен не күтесіңдер?» деп сұрады.
Көбісі өлім жазасына лайық болатын. Алайда,
олар бастарын көтеруге де шамалары келмеді. Деген-
мен, Аллаһ елшісінің мейірімді, мейірбан жан екен-
дігін білгендіктен «Сен біздің қадірлі бауырымызсың.
Әрі құрметті ағамыздың баласысың» деп, өкініштен
өзектері өртеніп одан кешірім тіледі.
Сонда Ақиық елші (с.а.с.) өзінің Құранда мадақ-
талған «ұлы көркем мінезге ие екенін» күллі адамзатқа