319
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
сылтау іздеп кейінге шегерсе, кейбіреулері мүлдем бас
тартып хабар жеткізе барған елшілерге сыртын береді.
Хайбар шайқасы
Құрайыштармен «Хұдайбия» келісіміне қол
қойғаннан кейін олардың тұтқиылдан шабуылдамай-
тынына көзі жеткен Пайғамбарымыз (сол 628 жылы)
бірден Хайбарға жорыққа дайындалады. Хайбарлықтар
да қарап жатпаған болатын. Ғатафан тайпасымен
күш біріктіріп Мәдинаға шабуылдауды ойластыра-
ды. Күтпеген жерден Хайбарлықтар мұсылман қолын
көргенде абыржып қалады.
Іле қамал жан-жағынан қоршауға алынды.
Мұсылмандар оларға «соғыссыз беріліңдер» деп талап
қояды. Алайда, олар мұсылмандардың бұл талабына
құлақ аспайды. Хайбарлықтар ықтар қамалдарының
мықтылығына, азық-түліктің жеткіліктігіне сеніп
ақырына дейін соғысуға бел буады.
Шайқас бірнеше күнге созылады. Пайғамбарымыз
(с.а.с.) Әбу Бәкір мен Омарды (р.а.) қолбасшы етіп
қойса да қамалды ала алмады. Екі жақтың да мәмілеге
келер түрі көрінбеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) қас қарайып шайқас
саябырсығанбірсәттебылайдейді: «Ертеңменбайрақты
Аллаһ пен елшісін жақсы көретін, Аллаһ пен елшісі
де оны жақсы көретін бір адамға тапсырамын» дейді.
Отырғандардың барлығы байрақты кім ұстайтындығын
өздерінше жорамалдайды. Сөйтсе де байрақты ұстау
мәртебесіне ие болуды іштей қаламаған, үміттенбеген
адам кемде кем еді. Таңертеңгісін Пайғамбарымыз
сахабалардың арасынан іздеген адамын таппай, «Әли
қайда?» деп сұрады.