315
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
Содан кейін құрайыштарға жолығып: «Құрай-
залықтар Мұхаммедпен арадағы ынтымағын бұзғанына
өкініш білдіруде. Қайтадан сол бірлікті сақтау үшін
сендерден бірнеше адамды кепілдікке сұрамақшы.
Мұхаммедпен қайтадан одақтасу үшін кепілге алған
адамдарды өлтіріп пайғамбардың сеніміне кірмекші»
дейді.
Келесі күні яһудилер мен Меккеліктер Нуаймның
сөзіне сеніп, бір-бірімен сөзге келіп қалады. Мұндай
соғыс тәсілі арабтарға жат болатын. Әдетте шайқас
көпке созылмайтын. Жеңген жақ жеңіп, жеңілген жақ өз
жөніне кететін. Әрі қысмезгілі де таяпқалған еді. Осыны
ескерген Әбу Суфиян жаппай шабуылға шығуға бұйрық
береді. Алайда әскері ордан өте алмай тұмсығы тасқа
тірелді. Сөйтсе де шайқас қас қарайғанша жалғасты. Бір
мезет төңіректі қою қараңғылық басып, дем арасында
мүшріктер тұрған аумақта дауыл көтеріледі. Мүшріктер
алай-дүлей дауылдан дал болып тұрғанда, сарбаздары-
нан бұрын қимылдаған Әбу Суфиян өз басын сауғалап
майдан даласын тастай қашады. Оны көрген мүшріктер
де кері қайтады.
Мұсылмандардың Мәдинаға кіргені сол еді,
Пайғамбарға Жебірейіл періште: «Уа, Аллаһтың
елшісі! Ұлы Аллаһ тағала саған құрайзалықтарға
майдан ашуды бұйырды» дейді. Сонда Пайғамбарымыз
(с.а.с.) Біләлге «намаздыгерді яһудилердің мекенін-
де оқитынымызды хабардар ет» дейді. Бірнеше күнге
созылғаншайқастан соң құрайзалықтармұсылмандарға
беріледі. Құрайзалықтар өздеріне әділ үкім шығаруды
талап етіп, қазы тағайындауды талап етеді. Аллаһ
елшісі бұл істі Сағыд ибн Муаз (р.а.) тапсырды.