313
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
барғанда күтпеген жерден қастандыққа ұшырап шейіт
болады. Тек Амир ибн Умаййа ғана аман қалады. Ол
қашып келе жатып екі адамға кезігеді. Оларды да жау
екен деп ойлап қалып байқамай өлтіріп қояды. Алайда,
олар Амир тайпасының Мәдинадан хабар әкеле жатқан
адамдары болатын.
Сол кездің салты бойынша оларға құн төлеу керек
болды. Төленетін құнның бір бөлігін өндіріп беруді
өз мойнына алған Пайғамбарымыз Надрларға аттана-
ды. Пайғамбарымыздың Надр тайпасына аттануының
өзіндік себебі бар еді. Өйткені олар мұсылмандарға
қарсы шықпауға, мүшріктерге қолдау көрсетпеуге, құн
төлеуде қол ұшын созуға сөз берген болатын.
Алғашқыда Надр яһудилері Пайғамбарымызды
емен-жарқын қарсы алады. Өздеріне тиесілі міндет-
терін орындайтындықтарын айтады. Аз-кем тынығып
алыңыз деп пайғамбарды оңаша қалдырып, оған қастық
жасауды көздейді.
Пайғамбарымыз (с.а.с) сахабаларымен оңаша
қалғанда, Жәбірейіл періште оған қауіп төніп тұр-
ғандығын білдіреді. Пайғамбарымыз (с.а.с) дереу ол
жерден кетіп қалады.
Артынша хазірет Мұхаммед (с.а.с.) яһудилерге
елші жіберіп, қастық ойлағандары үшін Мәдинадан
біржолата кетуді талап етеді. Көп ұзамай яһудилердің
біразы Хайбарға, біразы Шаммен шекаралас Езриатқа,
енді біразы Қаунұқа еврейлері жаққа қоныс аударады.
Хандақ немесе Ахзаб соғысы
627 жылы Хайбарға көшіп келген яһудилер
мұсылмандарға соғыс ашамыз деп Меккеліктермен
байланыс орнатады. Олар мұсылмандарға қарсы күш