309
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
Бәдір соғысы
Мәдинаға таяу өңірлердің бірі «Бәдір» деп аталады.
Сирияға апаратын жол осы жерден өтетін. 624 жылдың
Рамазан айында мүшріктер мен мұсылмандар алғаш
рет осы жерде соғысады. Меккедегі мүшріктер де
қарап жатпай, Мәдинадағы яһудилерге мұсылмандарды
араларыңнан аластамасаңдар күндерің қараң болады
деп үнемі қорқытатын. Алайда Ислам діні Мәдинада
күн өткен сайын қанатын кеңге жайып күшейіп келе
жатты.
Құрайыштар мұсылмандардың көзін біржола құрту
үшін сауда керуенін жасақтайды. Саудадан түскен
пайдаға қарулануды көздейді. Керуенді Әбу Суфиян
басқарады.
Құрайыштардың бұл әрекетінен хабардар болған
Пайғамбарымыз (с.а.с.) керуеннің алдын тосып,
оларды кері қайтаруға бел байлады. Алайда, шөл
далада керуенді бастап келе жатқан Әбу Суфиянға
«Мұсылмандар
құрайыштың
сауда
керуеніне
тұтқиылдан шабуылдамақшы» деген хабар жетеді. Ол
дереу соғысқа қамданып, Меккеге шабарманын аттан-
дырады.
Меккеде хабар жеткен сәтте мыңға жуық әскер жи-
налды. Ал олардың қасында мұсылмандардың қолы
үркердей ғана топ болатын (үш жүз он үш жауынгер).
Күш тең емес еді. Мұсылмандар мен мүшріктер жасағы
Бәдірде жолығады.
Әдетте араб жауынгерлері жаппай ұрысқа кіріспес
бұрын білегі қаруына сай баһадүрлерін жекпе-жекке
шығаратын. Мұсылмандар тарапынан ұрыс алаңына ат
ойнатып Хамза, Әли мен Убәйда (р.а.) шығады.