308
Пайғамбарлар тарихы
Ансарлар мен мұһажирлардың
бауырластығыٌ
إِنّمَا الْمُؤْمِنُونَ إِخْوَة
«Мүминдер бір
-
бірімен бауыр»
406
деген Құран әміріне сай Пайғамбарымыз (с.а.c.) Мекке
мен Мәдина мұсылмандарын бір-бірімен бауырлас-
тырды. Аллаһ разылығы үшін туған жерін, үй-жайын,
мал-мүлкін тастап ел асып, жер басып келген Мек-
келік «мұһажир» мұсылмандар Мәдиналық ансарға
(жәрдем берушілер) бауыр болды. Бұл бауырластықтың
шынайы болғаны соншалық, ансарлар өз иелігіндегісін
мұһажирлармен теңдей бөлісуге пейіл танытты. Бір ха-
дисте бұл туралы
«Мұсылман – мұсылманның бауыры.
Мұсылман – бауырына қастандық жасамайды, оны
дұшпанға тастамайды. Кім мұсылман бауырына
жәрдем етсе және оның кем-кетігін толықтырса,
Аллаһ та оған жәрдем етеді. Кім бір мұсылман бауы-
рын қиыншылықтан құтқарса, Аллаһ тағала осыған
сай қиямет күні оның қиыншылықтарының бірін
жояды. Кім мұсылман бауырының бір кемшілігін
жасырса, Аллаһ тағала ақыретте оның кемшілігін
бүркемелейді»
407
,
– делінген. Бұл Аллаһ елшісінің нақты
іс жүзінде жүзеге асырған ұлы істерінің бірі еді.
Біләл
Хабаши
алғашқы
азаншы
болып
тағайындалды. Ол намаз уақыты кіргенде Мәдина
көшелерін аралап «Намазға жиналыңдар» (Әссалату
жами’атун) деп шақыратын. Бірде Абдуллаһ ибн Зәйд
түс көреді. Түсінде қазіргі мұсылмандар айтып жүрген
азанның қалай шақырылатынын көреді. Кейіннен азан
осы жаңа үлгіде шақырылатын болып бекітілді.
406
«Хужурат» сүресі, 49/10
407
Бұхари, Мәзалим, 3; Әбу Дауыд, Әдап, 46; Тирмизи, Худут, 3;
Икрах, 7; Муслим, Бирр, 58.