307
Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)
Мәдиналықтар хазірет Мұхаммедке (с.а.с.) сәлем
беріп,нұрлыжүзінетамсанақарап, айранасырқуанышқа
кенеледі. Әркім Пайғамбарымызды өз үйінде қонақ
еткісі келеді. Алайда Пайғамбарымыз (с.а.с.) ешкімнің
көңілін қалдырғысы келмей, түйенің шылбырын бос
жібереді де: «Тиіспеңдер, ол Аллаһтың қалаған жеріне
өзі тоқтайды» дейді. Түйе қазіргі Пайғамбарымыздың
мазарының орнына барып шөгеді.
Пайғамбарымыз (с.а.с.) түйе шөккен жерге ең таяу
Халид ибн Зәйд Әбу Әюб әл-Әнсаридің үйіне түседі
(Халид – Әюб Сұлтан деген атпен танымал, қазіргі
таңда оның мазары Стамбулда).
Пайғамбарымыздың Мәдинадағы алғашқы қолға
алған жұмысы мешіт тұрғызу болатын. Қазіргі уақытта
Мәсжидун-Нәбауи тұрған жерді Пайғамбарымыз
(с.а.с.) өз қаражатына сатып алады. Мешіт іргетасын
өзі қалайды. Мешіттің құбыласы алғашқыда Йерусалим
жаққа (Мәсжидул-Ақсаға) қарап тұрған еді. Кейіннен
فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ
«Жүзіңді ал-Харам мешітіне қарай бұр»
405
деген
уахи келген сәттен бастап құбыла Қағбаға қарай
өзгертілді.
Мешіттің сол жақ қапталына Пайғамбарымыздың
құрметті жұбайлары мен балаларына арнап бірнеше
бөлме қосылған еді. Мешіттің құрылысы аяқталған
соң Пайғамбарымыз (с.а.с.) Меккеде қалған зайыбы
Сәуданы, қыздары Үммү Гүлсім мен Фатиманы
Мәдинаға алдырады. Бұл істі Зәйд ибн Хариса мен Әбу
Рафиге тапсырады.
405
«Бақара» сүресі, 144-аят