306
Пайғамбарлар тарихы
Пайғамбарымыздың Мәдинаға
хижрат етуі
Аллаһ елшісі мен хазірет Әбу Бәкір (р.а.) Мек-
кеде қалған Әлимен (р.а.) Құба ауылында кездеседі.
Олар Құбада екі апта болып, жұма күні жолға шығады.
Рануна алаңқайына келіп, алғашқы жұма намазы мен
алғашқы хұтбаны оқиды. Құба ауылында Гүлсім ибн
Хидм деген құрметті ақсақалдың үйінде қонақ болады.
Алғашқы мешітті де осы Гүлсімнің құрма кеп-
тіретін алқабында тұрғызады. Бұл туралы Құранда мы-
нандай аят кездеседі:
لاَ تَقُمْ فِيهِ أَبَداً لّمَسْجِدٌ أُسِّسَ عَلَى التّقْوَى مِنْ أَوّلِ يَوْمٍ أَحَقّ أَن تَقُومَ
فِيهِ فِيهِ رِجَالٌ يُحِبّونَ أَن يَتَطَهّرُوا وَاللُّ يُحِبّ الْمُطّهِّرِينَ
«Алғашқы күннен тақуалық негізде салынған
бұл мешітте намаз оқу әлдеқайда артық. Ол жерде
тазалықты жақсы көретін адамдар бар. Аллаһ та
тазаланғандарды жақсы көреді»
404
.
Қазіргі таңда ол жерде зәулім мешіт бой көтерген
(Құба мешіті).
Мәдина тұрғындары Пайғамбарымыздың Мек-
кеден қай күні шыққанын білгендіктен, келеді-ау
деген уақытта тайлы-таяғына дейін көшеге шығып
жолаушылардың жолын тосады. Мәдина халқы
қадірлі жолаушыларды ұзақ күтіп қалады. Төртінші
күні күн төбеге таяғанда, шатыр төбесіне шыққан
әлдебір еврей, «күткен адамдарың келе жатыр» деп
Мәдиналықтардан сүйінші сұрайды. Қуаныштары
қойнына сыймаған Мәдиналықтар думандатып көптен
күткен қадірлі қонақтардың алдынан шығады.
404
«Тәуба» сүресі, 9/ 108