Previous Page  305 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 305 / 352 Next Page
Page Background

305

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

қой жайып жүр еді. Шөл қысқан екі жолаушы одан

қойдың біреуін сауып, соның сүтімен таңдай жібіткісі

келетіндіктерін айтады. Бала әлдеқашан суалып кеткен

қысыр тоқтыны көрсетті. Сол жерде Аллаһ елшісі дұға

оқып, қойдың желінін ұстағаны сол еді, сүт атқылап

қоя берді

402

.

Аллаһ елшісі мен Әбу Бәкірдің де (р.а.) жасырын

Мәдинаға кеткенін кеш аңғарып, сан соғып қалған

мүшріктер Меккеде «пайғамбарды тірідей не өлідей

тапқанға немесе қайда жасырынғанын білген адамға

жүз түйе атаймыз» деп жар салады. Бәрі жабылып

төңіректі түгел шарласа да іздеген адамдарын таппады.

Көмекке тәжірибелі із кесушілерді шақыртты. Олардың

бірі мүшріктерді Пайғамбарымыз жасырынған үңгірдің

аузына дейін алып келіп: «Іздеген адамдарың көкке

ұшып кетпесе, осы үңгірде болуы тиіс» деді.

Оның бұл сөзін Аллаһ елшісі мен Әбу Бәкір де

естіді. Мүшріктер үңгірдің аузына дейін келгенімен,

есіктің көзінде тоқылған өрмекшінің ауын көріп, «Бұл

үңгірге жуық арада ешкім кірмеген» деп кері қайтты.

Мүшріктердің дабырлаған сөздерін естігенде өзі жаны-

нан артық жақсы көретін Пайғамбарымызға мүшріктер

зақым тигізбес пе екен деп қатты қорыққан Әбу Бәкірге

(р.а.) Расулаллаһ (с.а.с.)

لاَ تَحْزَنْ إِنّ اللَّ مَعَنَا

«Қорықпа, Аллаһ

бізбен бірге»

403

деді.

Арада үш күн өткенде Әбу Бәкірдің (р.а.) келісуімен

жол бастаушы Абдуллаһ ибн Үрайкит атты кісі оларға

екі түйе алып келді. Осылайша олар сапарын одан әрі

жалғастырады.

402

Бухари, Сахих, 3\1433 (3699)

403

Бұл оқиға Құранда да кездеседі. Қараңыз: «Тәуба» сүресі,

9\40