Previous Page  300 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 300 / 352 Next Page
Page Background

300

Пайғамбарлар тарихы

тынан Әбу Ләхаб қалмайтын. Оған тас лақтырып, аяғын

жаралап, айтқан сөздерін терістесе де мұсылмандыққа

қызығушылық танытып, Исламды қабылдайтындар да

ұшырасатын.

Елден жырақ шөл далада үш жылдай қиналып, бұл

аралықта аштықтан қанша титықтаса да мұсылмандар

дінге беріктік танытып, сабыр ете білді. Бірде

Пайғамбарымыздан тосын жаңалық естіген Әбу Тәліп

мүшріктерге былай дейді:

«Қағбаның қабырғасына ілген мүшріктердің

қағазына құрт түсіпті. Тек «Аллаһтың атымен бастай-

мын» (Бисмикә Аллаhумә) деген жері ғана қалыпты.

Бұл хабарды бауырым Мұхаммедтен (с.а.с.) естідім.

Сенбесеңдер Қағбаға барып, өз көздеріңмен көріңдер.

Егер бұл рас болса оларға қысымды тоқтатыңдар. Ал

жалған болса, мен бауырымды қорғаудан бас тарта-

мын».

Мүшріктер бұл хабардың растығына көз жеткізеді.

Сонда да «солақай» ниеттерінен қайтпады. Десе де

кейбір мүшріктер қысым көрсетуді тоқтатқан еді.

Қайғылы жыл және Миғраж оқиғасы

620 жылы Хадиша мен Әбу Тәліп бірінен кейін бірі

қайтыс болды. Хадиша мен Әбу Тәліп ел ішінде белді,

беделі бар, Аллаһ елшісіне көп қолдау білдірген кісілер

еді. Ең әуелі Аллаһты, сон соң Хадиша мен Әбу Тәліп

секілді абыройлы жандарды арқа тұтатын екі әлем

сардарынан аяқтарын тарта жүретін дін дұшпандары

зорлық-зомбылықты күшейтіп, өшпенділіктің отын

өршітті. Қатты қайғырған Пайғамбарымыз (с.а.с.) осы

тұста өзіне қолдау іздеп, Тайф қаласына аттанады.