Previous Page  295 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 295 / 352 Next Page
Page Background

295

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

бір бөлмеге қамап тастайды. Оны райынан қайтару үшін

адам ойына келмейтін азап көрсетті. Осман ибн Аффан,

Зүбәйр ибн Аууам және Біләл Хабаши де соққыға

жығылады. Бірақ, бәрі де алған бетінен қайтпады.

Мүшріктердің бұндай жауыздығы Аллаһ елшісінің

(с.а.с.) өзін де айналып өтпеді.

Бір жолы Пайғамбарымыз (с.а.с.) Қағбада намазда

басын сәждеге қойғанда, ӘбуЖәһіл бастаған мүшріктер

түйенің қан-жынын оның басына ақтарып, Екі әлем

сардарын мазақ етеді

385

.

Харис ибн Харис (р.а.) әңгімелеуде:

«Мен ол кезде кішкене бала едім. Бір күні әкем екеу-

міз Қағбаға қарай баражатыпжолда бір топ адамныңжа-

былып біреуді ұрып-соғып жатқанын көрдік. Әкемнен

кімге жабылып жатқандарын сұрадым. Ол маған «Бір

сабиді»

386

деп жауап қатты. Мен бұл сөздің мағынасын

түсіне қоймадым. Кейін барып сол кезде таяқ жеген

кісінің Аллаһ елшісі (саллаллаһу алайһи уә сәлләм)

екенін білдім. Өйткені ол кісі «Әй, адамдар! Лә иләһа

иллаллаһ деп айтыңдар» деуде еді»

387

.

Тағы бірде азулы мүшріктерден Ибн Әбу Муайт

Қағбада намаз оқып тұрған Аллаһ елшісіне (с.а.с.)

таяп келіп, мойнынан ұстап қылқындырады. Әбу Бәкір

(р.а.) мұны ести сала жанұшыра жүгіріп келіп «Раббым

Аллаһ дегеніне бола бұл кісіні өлтірмексіңдер ме?» деп

араша түсті.

385

Мауарди, Аламун нубууа, 1\142

386

Ата бабаларының дінінен бас тартқан адам

387

Ибн Әсир, Ұсдул ғаба, 1\384; Ибн Хажар, әл Исаба, 1\275