Previous Page  290 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 290 / 352 Next Page
Page Background

290

Пайғамбарлар тарихы

болса, онда ол Мұсаға да келген үлкен періште Намус

акбардың өзі болды ғой»

379

деп түсіндірді.

Уарақа ибн Нәуфал хазірет Мұхаммедке (с.а.с.)

пайғамбарлық жүктелгенін ұқтырып, ендігі жерде дінді

тарату жолында көп қағажу көретінін ескертті. Тіпті не

түрлі жала жабылып, елден қуылуы мүмкін екендігін де

айтты. Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) «Сонда туған жерім-

нен қуыламын ба?» деп таңғала сұрағанда, ол «Кезін-

де қауымы сенбей, жала жаппаған, елден қуылмаған,

ауыртпалық тартпаған ешбір пайғамбар болмаған» деп

жауап берді

380

.

Осыдан кейін періште көпке дейін ат ізін салма-

ды. Бірде таудан қайтып келе жатқанда, әлгі періште

пайда болды. Қатты қорыққан Пайғамбарымыз (с.а.с.)

табалдырықтан аттар-аттамастан қымтанып жатып

қалады. Сол кезде періште Құранның «Мүддәссир»

сүресінің алғашқы аяттарын баян етеді.

Аятта:

يَا أَيّهَا الْمُدّثِّرُ {1} قُمْ فَأَنذِرْ {2} وَرَبّكَ فَكَبِّرْ {3} وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ {4}

«Ей,жамылғыменқымтаныпжатқан (пайғамбар)!

Орныңнан тұр, адамдарға (ақырет азабын) ескерт

.

Раббыңды ұлықта

.

Үсті-басыңды таза ұста!»

381

де-

лінді.

Алғашқы мұсылмандар

Хазірет Мұхаммед Мұстафа (с.а.с.) осы сәттен

бастап, өзіне пайғамбарлық міндет жүктелгеніне толық

көз жеткізіп, таухид сенімін жақындарына түсіндіре

379

Мауарди, Аламун нубууа, 1/275

380

Бухари, Сахих, 1\4 (3); Мүслим, Сахих, 1\97, 98

381

«Мүддәссир» сүресі, 1-4 аяттар