Previous Page  293 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 293 / 352 Next Page
Page Background

293

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

Барлығына, әсіресе туған-туыс, жарлы-жақыбай мен

мұқтаж жандарға, жолаушыларға жақсылық жасаңдар!

Асырай алмаймын-ау деп балаларыңды өлтірмеңдер!

Зинаға жақындаушы болмаңдар! Жетім-жесірді

жылатпаңдар! Уәде берсеңдер, сөздеріңде тұрыңдар!

Таразыдан жемеңдер! Нақты білмейтін нәрселеріңді сөз

етпеңдер. Өйткені құлақ, көз, жүрек – бәрі де айтылған

ауыздан шыққан сөз үшін жауапқа тартылады. Мен-

мендік пен тәкаппарлықтан сақтаныңдар! Бір-бірлеріңе

мейірімді,жұмсақсөйлеп, әдепті болыңдар!Ешкімбасқа

біреуді мазақтап қорламасын, жаман лақап ат тақпасын!

Басқалар жайлы жаман ойламаңдар! Өзгенің қатесін

тіміскілеп, күнәсін ашуға құмартпаңдар. Өздеріңе, ата-

аналарыңменжақындарың үшін болса да өтірікке куәлік

жасамаңдар! Әділетсіздік жасамаңдар, кешірімшіл

болыңдар! Жамандыққа жақсылық жасаңдар, ішімдік

ішпеңдер, құмар ойындарына құмартпаңдар!

«Барлығың да Аллаһ тағаланың алдында теңсіңдер.

Ешкім бетіне қара күйе жағылып қор болып туыл-

майды, ешкім де бұл өмірге атақ-даңқпен келмейді.

Тек қана Жаратқанға құрметпен тағзым еткендер, сөзі

мен істерінде әрдайым турашыл болғандар ғана шын

абырой таппақ. Адамды ұлты мен түр-түсіне қарап

кемсітпеңдер. Бәрің де ажалдан құтыла алмайсыңдар.

Біліп қойыңдар, о дүниеде әділ сот құрылып, бүкіл

істеріңе жауап бересіңдер. Ол кезде ешқандай таныстық

та, пұл да көмектесе алмайды. Ол кезде адамға иманы

мен ізгі істері ғана көмектеседі. Осыларға ие болған

жан мәңгілік бақыт отаны жәннатқа, ал бұдан мақұрым

қалғандар тамұққа тасталады».

Құрайыштықтар Ислам дінін қабылдаған жарлы-

жақыбайларға, әсіресе туысы жоқ адамдарға қатты