294
Пайғамбарлар тарихы
қысым көрсетті. Тіпті әлімжеттікте шектен шығып,
түрлі зорлық-зомбылық жасай бастады.
Әсіресе мұсылмандықты қабылдаған құлдар өз
қожайындарынан көп жапа шекті. Олардың арасында
Біләл (р.а.) мен Ясир (р.а.) отбасын атауға болады.
Залым мүшрік Үмәййа ибн Халаф Біләлға Ислам-
нан бас тартуды бұйырып, оны көшеде итше жетектеп,
жалаңаш күйде күйіп тұрған құмға жатқызып, көкірегін
ауыр таспен бастырып қинады.
Ал Ясирді жанұясымен бірге қан-жоса дүрелеп, аяқ-
қолдарын керіп байлап тастады. Жаны қиналып қанша
азапкөрсе де бірақоларИсламнанбас тартпады. Ясирдің
әйелі Сүмайяны Әбу Жәһил найзамен шаншып өлтірді.
Артынша Ясирді де осылай ана дүниеге аттандырады.
Олар Ислам тарихында алғаш шейіттіктің дәмін татты.
Кезек өзіне келгенде, адам төзгісіз жағдайға шыдай
алмаған Аммар еріксіз олардың айтқанына көніп, Ис-
ламнан бас тартады. Кәпірлер соған мәз болып, Аммар-
ды еркіне қоя берді. Аммар ардақты Пайғамбарымызға
(с.а.с.) көз жасын тыя алмай жағдайды түсіндіреді.
Аллаhтың елшісі (с.а.с.): «Олардың тілегін тіліңмен
айтқанда, жүрегіңмен қостамаған болсаң, Аллаh сені
кешірер. Егер тағы да сені ұстап алып, қинайтын болса
«сендердің дегендерің болсын» деп басыңды арашалап
ал», – деп Аммарды жұбатады.
Сағыд ибн Әбу Уаққас (р.а.) Ислам дінін
қабылдағанда, анасы бұлқан-талқан ашуланды. Тіпті
анасы өз-өзін үйдің діңгегіне байлатып тастайды.
Баласы Сағыд Исламнан бас тартпайынша, нәр сыз-
байтынын да айтады. Керек болса, осы жолда өлетінін
жеткізеді. Бұл көп уақытқа дейін осылай жалғасты. Ал
Халид ибн Саидты әкесі ұрып-соғып, аяқ-қолын байлап