Previous Page  292 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 292 / 352 Next Page
Page Background

292

Пайғамбарлар тарихы

Бірде Қағба маңындағы Сафа жотасына шығып,

арабтардың әдеті бойынша «Уа, халайық!» деп жұрттың

назарын өзіне аударды. Естіген жұрт айналасына жи-

налды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.):

– «Егер де мен анау таудың арғы жағында жау

қолы таяп қалды, тұтқиылдан шабуылдайды десем, осы

айтқаныма сенер ме едіңдер?»

– «Әрине, сен айтсаң, сенеміз. Өйткені біз сенің

жалған сөйлегеніңді көрген емеспіз».

– «Олай болса, біліп қойыңдар. Мен – сендерге

Аллаhтың әмірін жеткізушімін»

383

деді.

Жиналғандардың арасынан көкесі Әбу Ләһаб алғаш

болып қарсы шығады. Оның «Ей, тұқымың (қолдарың)

құрғыр! Бізді осы үшін шақырдың ба?»

384

деген сөзі

жиналған халықтың үйді-үйлеріне тарауына себеп

болды.

Аллаһ елшісі насихаттаған дін негізінен мынадай

бұйрықтардан тұрды:

«Барша жаратылыстың егесі – Аллаһ тағала. Ол –

Жаратушы, баршаға рызық беруші, Мәңгі тірі, болмыс

атаулының Иесі сол ғана. Ендеше, пәни нәрселерге:

жұлдыздарға, айға, ағаштарға емес, бір Жаратушыға

ғана мойынсұнып, Соған ғана құлдық ұру қажет. Ұрлық-

қарлық, әлімжеттік жасап басқаның мүлкін тартып алу,

ар-намысын аяққа таптау – үлкен күнә. Бұл әдеттеріңді

тастаңдар! Әрқашан шындықты айтып, өтіріктен

жуымаңдар. Әділ болыңдар! Нақақ кісі өлтірмеңдер!

383

Бухари, Сахих, 4\1804 (4523); Табари, Тарих, 1\541

384

Әбу Ләһабтың осы қылығына орай Құрандағы «Тәббат»

сүресі түсіп, Әбу Ләһабтың өз қолдары қурап кеткен. Әрі

оның ақыретте тозақта азапталатындығы да білдірілген.

Қараңыз: «Тәббат» сүресі, 111\1-5