Previous Page  287 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 287 / 352 Next Page
Page Background

287

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

кейінгі жылдарда сол кезді «Қазір де сол ұйым өздеріне

шақырса, бас тартпас едім» деп еске алған.

Жиырма бес жасында Меккедегі дәулетті Хадиша

есімді әйелдің сауда керуенін басқарады. Хазірет

Мұхаммедтің (с.а.с.) адалдығы мен ұқыптылығына

тәнті болған Хадиша оны ұнатып, үйленуге ұсыныс

білдіреді. Нәтижеде Аллаһ елшісі (с.а.с.) жиырма бес

жасында Хадиша анамызбен отау құрады. Хадиша ана-

мызбен жұп жарастырған бақытты шаңырақтарында екі

ұл, төрт қыз сүйеді (үшінші ұлы Ибраһим басқа зайы-

бынан дүниеге келген). Ұлдары: Қасым, Абдуллаһ,

Ибраһим; қыздары: Зейнеп, Руқаия, Үммі гүлсім және

Фатима

374

.

Хадиша анамызбен тату-тәтті өмір сүрген

Пайғамбарымыз (с.а.с.) ол бақилық болғаннан кейін

де өле-өлгенше оның Ислам дініне жасаған қолдауын,

басқа да жақсылықтарын ұмытпаған.

Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) жастайынан ел ішінде

көркем қасиеттерімен танылған еді. Халық оның

шыншылдығы мен сенімділігін ескеріп, «әл-Әмин»

(сенімді) деп құрметтейтін.

Оны мыны бір оқиғадан байқауға болады. Мекке-

дегі қасиетті Қағбаның қабырғалары ұзақ уақыт күтім

көрмей, жауын-шашын, жел құздан жер болып мүжіліп

біткен-ді.

Осыған байланысты Қағбаны жөндеу жұмыстары

қолға алынған болатын. Әр рудың адамдары бұл іске

білек сыбана кіріседі. Алайда қасиетті қара тасты

(Хажарул-әсуәд) тұғырына қондыруға келгенде, рулар

арасында талас туды. Әр ру оны өз қолымен қойғысы

374

Осман Кескиоғлы, Али Химет Берки, Хазрет Мухаммед ве

хаяты. 48 б.