283
Иса пайғамбар (а.с.)
ақиқат рухын (Фарақлитті) береді»
, – делінеді (Иоанн,
14-бап, 15-16 аят).
Енді кезекпен төмендегі аяттарға назар аударайық:
«Фарақлиттің Рухул-Қудус болғанының ерекшелігі
сонда – Рабб Оны менің атыммен (яғни, пайғамбар
етіп) жібереді. Ол сендерге барлық нәрсені үйретеді.
Әрі менің сендерге үйреткендерімді де қайта еске
салады»
(Иоанн, 14-бап, 26-аят).
«
Фарақлит келген кезде, мен үшін куәгер болады.
Сендер де маған куәлік етіңдер
» (Иоанн, 14-бап,
26-аят).
«
Мен сендерге хақты айтамын. Менің кетуім
сендер үшін жақсы. Өйткені мен кетпесем, Фарақлит
сендерге келмейді. Бірақ мен кетсем, оны жіберемін
»
(Иоанн, 16-бап,7-аят).
«Фарақлит келген кезде, барлық әлемді жасаған
қателіктері үшін кінәлап, оларды тәрбие етеді»
(Иоанн, 16-бап, 8-аят).
Інжілдің негізгі түпнұсқасы көне еврей тілінде,
кейін грек тіліне аударылды. Біздің қазіргі қолымыздағы
арабша аудармалар грек тілінен тәржімаланған.
«Фарақлит» – грек тіліндегі «ақиқатты айқындаушы»
сөзінің арабша баламасы, яғни араб тіліне аударылып,
осы тілге енген сөз
368
.
Иоанн Інжілінде:
«Мәсих (Иса) былай деді: Мен енді сендер
мен сөйлеспеймін. Өйткені бұл әлемнің басшысы
келе жатыр. Онда бар нәрсе менде жоқ» –
делінген
(14/30).
368
Ф.Гүлен, Ғаламның рақым нұры (ауд:Ахмет Әшен), Алматы.
2007. 67-68-беттер