280
Пайғамбарлар тарихы
мен байлар, дін өкілдері бәрі ауызжаласып, ақылдасып,
оны өлтірудің жолын қарастыра бастады. Осы мақсатта
яһудилер Исаны (а.с.) тұс-тұстан іздестіре бастағанда,
оларға хабар айтып, өзінің екіжүзділігін әшкерелеген
адам он екі хауаридың бірі болды. Ол «Тауып бергеніме
пәлен ақша бересіңдер» деп ақшасын алған соң, оларды
пайғамбар отырған үйге бастап келді. Есікті ашып «із-
деген Исаларың осында» деп табалдырықтан аттап,
бірінші болып ішке енеді. Бұл кезде Иса (а.с.) олардың
келетінін алдын-ала білген еді. Сол себепті дұға
оқыды. Аллаһ тағала оның бұл соңғы дұғасын қабыл
етіп: «Ей, Иса! Сені Өз тарапыма көтеріп алмақпын.
Қарсыластарыңнан құтқарам. Саған ілескендердің ме-
рейін қияметке дейін олардан үстем қыламын. Соңында
қайтар жерлерің Мен жақ! Сонда таласқан нәрселеріңе
үкім беремін!» – дейді.
Әлгі мұнафық ішке кірген кезде, Жәбірейіл періш-
те пайғамбарды өзімен бірге көкке көтеріп алып кетеді
де, Аллаһ тағаланың құдіретімен әлгі мұнафықтың бей-
несі Исаныкінен (а.с.) аумай қалған болатын. Еріп кел-
гендер мұнафықтың даусы шыққан бөлмеге кіргенде,
«Иса міне отыр, міне отыр» деп тұрған Иса пайғамбар
бейнесіндегі біреуді көреді. Олар оны бірден тарпа
бас салады. «Өзіңді-өзің басқа жақтан іздеп, бізді тағы
ақымақ қылғың келген екен!» – деп кіжінеді. Оның
жан даусы шыға «Мен сіздерді бастап келген адам-
мын ғой!» – дегеніне қарамайды. Кейбір деректерде
бұл мұнафықтың аты Тайтанос болғандығы айталады.
Олар Тайтаносты айқыш ағашқа керіп байлап өлтіргелі
жатқанда, ол соңғы сөзін айтып: «Маған сенбесеңдер,
қалтамды қараңдар. Берген ақшаларыңды көресіңдер»,
– деп жалынады. Қандары қарайған топ оның сөзін