282
Пайғамбарлар тарихы
крестерін сындырып, доңыз етін жеуге тыйым салып,
оларды иманға келтіреді. Бұл туралы елуден астам
сахих хадис бар. Әйтсе де хазірет Исаның жер бетіне
қашан және қалай түсетіні туралы нақты деректер жоқ.
Анық ақиқаты Жаратушыға ғана аян.
Иса пайғамбар (а.с.) отыз жасында пайғамбар
болып, отыз үш жасында көкке көтерілді. Осы үш жыл
ішінде ол өз міндетін кемшіліксіз атқарып кетті. Өзінен
кейін соңғы пайғамбар – хазірет Мұхаммедтің
(саллаллаһу
аләйһи уә сәлләм)
келетінін де зор қуанышпен сүйіншіледі.
Хазірет Исаның ақырғы пайғамбар
туралы хабар беруі
Фарақлит
Иоанн Інжіліндегі бір аятта:
«Мәсих: (Иса) «Мен
– менмін. Мен сендерге Тәуилді әкелетін Фарақлитті
жіберу үшін сендердің Рабтарыңа кетемін»,
– деп
баяндалған.
Фарақлит – хақтың рухы, оның мағынасы ақиқат
пен жалғанды бір-бірінен толық ажыратушы дегенге
келеді. Аллаһ елшісі – ақиқаттың рухы. Өйткені өлі
жүректер Оның әкелген шындық шырынымен ғана
тіріліп, бүршік жарды. Ол адамдардың тура жолға түсуі
үшін аянбай күресті. Хақ пен жалған ұғымдары бір-бірі-
нен тек осындай бір күрес пен күш-жігердің арқасында
ажыратылады. Хазірет Мәсих хабар берген Фарақлит
келіп жетті. Ол – Аллаһтың ақырғы елшісі, екі әлем
Сардары хазірет Мұхаммед
(саллаллаһу аләйһи уәсәлләм)
.
Иоанн Інжілінде:
«Егер мені жақсы көрсеңдер, әмірлеріме бас иіңдер!
Мен Раббыма жалбарынамын. Ол сендерге үнемі
өздеріңмен бірге болу үшін менен басқа бір жұбатушы,