Previous Page  279 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 279 / 352 Next Page
Page Background

279

Иса пайғамбар (а.с.)

шынайы мұсылман болсаңдар, Аллаһтан қорқыңдар.

Мұндай нәрсені әсте талап етуші болмаңдар. Өйткені

мұндай талаптар Хақ тағаланың құдіретіне және менің

пайғамбарлығыма күмән келтіру болып есептеледі»,

– дейді. Сонда хауарилар: «Жо-жоқ, біз де әсте ондай

ниет те, ой да жоқ. Біз бар болғаны сол дастарқаннан

дәм татқымыз келді. Сонда жүрегіміздегі иман берік

болып, сенің айтқандарыңа терең сенеміз», – деп жауап

береді. Хақ пайғамбар олардың шынайы ниеттерін

аңғарып қатты қуанып, Хақ тағаладан осыны тілеуге

шешім қабылдады.

Ол қолын жайып:

«Я, Раббымыз! Бізге аспан-

нан дастарқан түсір! Бұрынғы, соңғымызға мереке

әрі Сенен бір белгі болсын. Бізді ризықтандыр! Сен

ризықтандырушылардың ең жақсысысың»

364

,

деп

дұға етеді. Хақ тағала:

«Күдіксіз, Мен сол дастарқанды

әлбетте түсіремін. Егер осыдан кейін сендерден кім

қарсы келсе, шынайы түрде Мен оны дүниеде ешкімді

азаптамаған азаппен азаптаймын»

365

,

дейді.

Бір деректе дастарқанның түскен күні жексенбі күні

еді дейді. Дастарқан түрлі нығметтерге толы болды. Ха-

уарилар осы нығметті тойғанша жеп, шүкіршілік біл-

дірді. Кейіннен осы күнді хауарилар мереке күні етіп

жариялайды

366

.

Иса пайғамбардың көкке көтерілуі

Иса (а.с.) Исрайыл халқын үш жыл бойы ақиқатқа

шақырғанда, бар болғаны ат төбеліндей ғана адам иман

келтірді. Ал қалған қара ниеттілер, әсіресе, көсемдер

364

«Маида» сүресі, 114

365

«Маида» сүресі, 115

366

Сабуни, Нубууә, 262-бет