Previous Page  274 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 274 / 352 Next Page
Page Background

274

Пайғамбарлар тарихы

ол кездері он бес жастар шамасында болатын. Көп

кешікпей бойында жүктілік белгісі байқала бастады.

Исрайыл халқы бір күні осыны байқап қалып, бір-бір-

леріне өсектеді. Хазірет Мәриям өте тақуа және ұяң,

ар-намысы таза қыз еді. Болған жайды ел-жұртқа ашық

та айта алмай әбден қиналды. Төзімі таусылған ол бір

күні алыс жаққа сапар шекті. Сол жерде толғақтың

келуін күтті. Бір мезет жалғыз түп қураған құрма

ағашының қасына жақындай беріп еді, толғақ қысып

қатты қиналды. Бір жағынан жанына батқан өсек, енді

бір жағынан ащы толғақ жанын қинады. Шыдай алмай:

«Бүйтіп қорлық көргенше, өлгенім артық қой», – деп

қинала ыңыранды.

Кейбір деректерде бұның қыс кезінде болғаны

айтылады. Ол толғаққа шыдай алмай қураған құрма

ағашынан ұстай алған кезде әлгі ағаш бірден көгеріп

әп-сәтте жеміс бере кетеді. Бұл керемет Хақ тағаланың

оған деген демеуі мен жәрдемі еді.

Бала дүниеге келгенде, Жәбірейіл періште оған дау-

ыстап: «Уайымдама! Раббың астыңнан бір бұлақ жарат-

ты. Құрманың бұтағын өзіңе қарай сілкіле. Саған жас

құрма түседі», – дейді. «Ей, Мәриям! Сол құрмадан жеп,

судан іш. Көз айым бол. Сосын балаңды алып, ел ішіне

барғаныңда, сені көрген халық қаумалап мына халіңді

түсіндір деп сұрай қалса, оларға; «Рақымды Аллаһ үшін

бүгін ораза ұстадым. Сол себепті бүгін ешбір адам-

мен тілдеспеймін» деп айт», – дейді. Бұл жерде оның

ұстаған нәзір оразасы – үнсіздік оразасы. Сол заманда

осындай оразаның түрі болған. Осылай ауыз бекіткен