273
Иса пайғамбар (а.с.)
кірген кезде жаздық жемістер, ал жазда кірген кезде
қыстық жемістер тұрғанын көретінін айтады.
Сүйінші хабар
Мінәжатханада тынбай құлшылық жасаған хазірет
Мәриям есейіп бойжеткен қыз болды. Бір күні сонда
құлшылық жасап отырғанда, қасына адам кейпіндегі
Жәбірейіл періште пайда бола кетті. Хазірет Мәриям
өзінің қасында бейтаныс адамның тұрғанын көргенде,
не істерін білмей қатты қорықты. Ол есін дереу жиып:
«Егер сен тақуа болсаң да, сенен Аллаһ тағалаға сиына-
мын» деді. Бейтаныс кісі оған өзінің Хақ тағала жібер-
ген «Рух» екендігін айтып көңілін орнықтырды. Сосын
іле-шала:
«Мен саған бір таза бала беруге жіберілген
Раббыңныңелшісімін»
357
дептүсіндірді.ХазіретМәриям
бала күнінен талай рет Жаратқанның нәсіп еткен кере-
меттерін көріп өскен болатын. Тіпті Раббысының оған
қыстың күні жаздық жеміс, жаздың күні қыстық жемісті
нәсіп етуінің сыры болашақта баласының да сондай
мұғжиза болып дүниеге келетініне әзірлік еді. Әйтсе
де ол таңырқағанын жасыра алмай: «Маған бір адам
жақындамаса қалайша бала болады? Сондай-ақ суық
жүріске салынбасам»,
–
деді. Жәбірейіл періште оған:
«Ол солай», – деді. Өйткені Раббың: «Бұл маған оңай.
Менен адам баласына бір үлгі әрі бір рақым. Бұл (үкімі
әлдеқашан шығын қойған) біткен іс еді»
358
,
– дейді. Хақ
тағаланың құдіретінде шек жоқ. Ол бір нәрсеге «бол»
десе сол сәтте бола қалады деп түсіндіреді.
Жәбірейіл періште осыдан кейін хазірет Мәриямға
қарай үпіреді де, ғайып болып кетеді. Хазірет Мәриям
357
«Мәриям» сүресі, 18
358
«Мәрям» сүресі, 19-21