268
Пайғамбарлар тарихы
халықты азғырудың сан түрлі айласын күннен-күнге
дамытып жатқан еді. Осы кезде ол Жаратқанға қол
жайып өзінен кейін пайғамбарлық мұраға ие болып,
дін-дағуасын жалғастыратын бір ұл нәсіп етуін тіледі.
Өзінің осы уақытқа дейін ешбір баласы болмаған еді.
Сондықтан оның ұл тілеу себебі тек дін ісінжалғастырса
екен деген арманнан туған кіршіксіз тілек еді.
Құранда:
«Зәкәрияны да есіңе ал! Раббына:
«Раббым! Мені жалғыз қалдырма. Сен ең жақсы
мұрагерсің!» – деп жалбарынды. Сонда оның тілегін
қабыл етіп, Яхияны бердік. Әрі жұбайын жасарттық.
Өйткені бұлар жақсылықтарға ұмтылады. Бізден
үміт пен үрей арасында тілейді де, бізден қатты
қорқады»
351
,
–
дейді.
Хазірет Зәкәрияның Исрайыл ұрпағына пайғамбар
етіп жіберілуі хазірет Исаның дүниеге келуіне жақын
қалғандығын жария ету болатын. Иса пайғамбар
(а.с.) Исрайыл ұрпағына жіберілген ақырғы елші еді.
Сондықтан Аллаһ тағала оларға оның алдында екі
бірдей пайғамбардыжіберді: Зәкәрия және оның баласы
Яхия (а.с.).
Зәкәрияның (а.с.) өзіне үмітпен ұрпақ тілеуі былай
болды. Дүниеге әкелмей жатып хазірет Мәриямды
анасының дін жолына бағыштағаны белгілі. Енді то-
лысып келе жатқан шағында мінәжатханаға барған
хазірет Мәриям жеке бөлмеде жалғыз өзі құлшылық
жасаумен шұғылданатын. Оған Зәкәрия (а.с.) ғана
қамқорлық танытып жүретін. Хазірет Мәриям сол
күндердің өзінде айтса нанғысыз қасиеттерге ие болған.
Зәкәрия пайғамбар оның бөлмесіне кіргенде, қыс
күндері жаздың жемістері, жаз күндері қыстың жеміс-
тері пісіп тұратынын көріп қатты таңырқап: «Бұлар
351
«Әнбия» сүресі, 89-90