264
Пайғамбарлар тарихы
хазірет Жүніске шықты. Хақ пайғамбар сол кезде ғана
өзінің ағаттық жасап, елден Хақ тағаладан рұқсатсыз
кеткенін түсіне қойды. Бірақ кемедегілер оның жүзінен
салиқалы кісі екенін байқап, кінәлі кісі ол емес деп
ұққан еді. Әйтсе де хазірет Жүніс оларға өзін кеме-
ден теңізге тастауларына ишарат етті. Олар оны жал-
жал толқындардың арасына тастап жіберген кезде, бір
үлкен кит келіп оны аузын ашып жұтты да суға сүңгіп
кетті.
Ол балықтың ішіне жұтылған кезде, айналаны
бұрынғыдан да қою қараңғылық басты. Онсыз да
теңіздің асты-үсті түгел қап-қараңғы еді. Оның бұдан
кейін құтылып жағаға жетуіне ешбір мүмкіндік жоқ
еді. Өйткені балықтан құтылған күннің өзінде теңіз
бар. Теңіздің беті де қап-қараңғы еді. Хазірет Жүніс
өз қателігін мойындап, Аллаһ тағалаға жалбарынып:
«Сенен өзге ешбір құдай жоқ. Сені пәктеймін. Мен
өзіне қастық жасаушылардың бірі болдым»
346
,
–
деп
зікір ете бастады.
Хақ пайғамбар өмір-бақи Хақ тағаланы зікір етіп
келген болатын. Ол осы алып балықтың қарнына
түскен кезде де, дәл солай зікір ете бастады. Оның осы
хал-ахуалы құтылуына арқау болды. Құранда Аллаһ:
«Егер көп тәсбих, зікір етушілердің бірі болмағанда,
шамасы адамдардың қайта тірілетін күнге дейін оның
қарнында қалар еді»
347
,
– дейді.
Хақ тағала оның осы дұғасын қабыл етіп, аман-
сау жағалауға шығарды. Алып балық жағалауға келіп
аузын арандай ашқанда, ішінен хазірет Жүніс шығып,
жағалауға сұлай кетті. Әбден шаршаған, оның үстіне
346
«Әнбия» сүресі, 87
347
«Саффат» сүресі, 143-144