260
Жүніс пайғамбар (а.с.)
Жүніс пайғамбардың есімі Құранда төрт жерде кез-
деседі
342
. Екі жерде «Зин-нун», «Сахибул-хут», яғни
«Киттің иесі» деген лақап атымен кездеседі. Жүніс
пайғамбардың кімнен тарағаны туралы айқын пікір жоқ.
Теқ қана оның Жүніс ибн Мәтта екенін бәрі бірауыздан
мақұлдайды. Алайда «Мәтта» сөзі оның әкесі емес
анасының есімі екендігі айтылады. Пайғамбарлардан
тек осы Жүніс пайғамбар мен хазірет Исаның аты ана-
сымен аталады. Алайда Ибн Аббас «Мәтта» Жүністің
әкесінің аты екенін айтып кеткен. Әһл кітап оның Ис-
райыл ұрпағынан Бүнияминге барып жалғасатынын
жеткізеді.
Жүніс пайғамбар Ирак жақтағы жүз мыңдай халқы
бар Нинова қаласына пайғамбар етіп жіберіледі.
Пайғамбар болудың алдында да ол халық арасында
сенімді, қамқор, иненің жасуындай да арамдығы жоқ
шыншыл адам ретінде танылған. Ол сол елге пайғамбар
етіліп жіберілгенде, небәрі отыз жаста еді. Нинова
халқы көп жылдар бойы пұтқа табынып кеткен еді. Көп
өтпей басқа арсыздық белең алды. Оларды тура жолға
салу үшін, Жүніс пайғамбар елін отыз жыл бойы хақ
жолға, туралыққа, тәубаға шақырды. Әйтсе де халқы
оған «сенікі жөн» деп, сөзіне құлақ аса қоймады. Сірә,
жеке басының пайдасын күйттеп жүр деп ойлады. Сол
себепті оның сөздерін жоққа шығарды. Осылардың ба-
342
«Ниса», «Әнғам», «Жүніс», «Саффат» сүрелері