Previous Page  262 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 262 / 352 Next Page
Page Background

262

Пайғамбарлар тарихы

көргенде, естері шығып абыржи бастады. Әркім өз

басын, бала-шағасын ойлап сасып жан-жаққа жүгірді.

Ақырында,естерінжиыпбәріжиналыпПайғамбарларын

іздеуге кірісті. Бірақ шарқ ұрып қанша іздегенмен, ат

шаптырып аласұрғанмен, Жүніс пайғамбарды таба

алмай қатты састы. Ол табылмаған сайын, көздері шара-

сынан шығып, жүректері дүрілдей түсті. Қаланың бай-

лары мен сорпа бетінен шығар көсемдері де, халықпен

етене араласып астамсыған кеуделері басылып, жүндері

жығыла қалды. Барлығы жапа-тармағай бала-шағасын

алып, қаладан аулаққа қашты. Жиған дүниесі, байлығы,

дүкендері, зәулім сарайлары – бәрі де жұртта қалып

қойды. Ешбір адам «дүнием артта қараусыз қалды-ау»

демеді. Әсіресе, бәрінен ардақты пұттары сол қалада

иттен қадірсіз қала берді. Жайшылықта қаладағы үлкен

пұт-ескерткіштерінің алдына барып тағзым етіп, тілек

тілеуші еді. Дәл бүгін пұттарын ойлаған тірі жан бол-

мады. Біреуі шығып: «Әй, біз пұттарымызды ұмытып

барады екенбіз ғой. Біздің тәңіріміз осы емес пе еді?

Осыдан неге көмек тілемейміз?» – демеді. Қайта дереу

тәубаға келіп, Пайғамбарларының айтқандарын естері-

не түсіріп, тілдерін кәлимаға келтіріп, Хақ тағалаға жа-

лынып егіліп жылады. Өз араларында «Жүніс не деп еді,

айтқан дінінің сенімдері қандай еді, мұсылмандықтың

шарттары қалай деген еді?» – деп, өз білгенінше хақ

дінді үйрене бастады. Оларды Рақым пайғамбар хақ

дінге отыз жыл бойы шақырып, сол дін туралы терең

мағлұмат берсе де, олар еш бойсұнбаған болатын. Әйтсе

де отыз жыл бойы айтылған сөздердің біршамасы ес-

терінде жатталып қалыпты. Бүгін, міне, соның пайдасы

тиді. Олар кәлима, тәухид, ақырет, намаз секілді діни

мәселенің бәрін білетін. Бірақ мойындамай қырсығып