Previous Page  265 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 265 / 352 Next Page
Page Background

265

Жүніс пайғамбар (а.с.)

науқастанған еді. Өйткені ол алып балықтың ішінде үш

күн, үштүнжатқанболатын. Құранда:

«Сондаонықырға

шығарып тастадық. Ол науқас еді. Көлеңке түсірсін

деп сол жерге жапырақты бір ағаш өсірдік»

348

,

де-

лінген. Кейбір деректерде осы ағаштың қабақ ағашы

екені айтылады. Ағаш көлеңкелері оның үстін жауып

шыбын-шіркейден, шыжғырған күннен қорғады.

Осыжерде біршама уақыт жатқан соң, ол есін жиып,

науқасынан айығып, еліне қайтты. Тәубаға келген елі

мұны әлі іздепжүрген болатын. Ол халқымен кездескен-

де, әр екі жақ,та қатты қуанып, Хақ тағалаға бар пейіл-

мен шүкіршілік етті. Халқы пайғамбарын көріп қуанса,

Пайғамбарлары олардың тәуба етіп, иманға келіп,

мұсылмандық жолға түскендерін көріп қуанған еді.

Оларпәлекетшақыратын ел емес, берекетшақыратын ел

болып өмір сүріп жатқан болатын. Бұл бейне өзі тастап

кеткен ел емес, басқа бір ел секілді болып көрінді. Үш

тәуліктің ішінде бір қаланың бүкіл халқы қаттыөзгерген

еді. Өзіне халықты айдап салған қаланың билері мен

байлары да мұны көре сала құрақ ұшып, бір-бірлерінен

сүйінші сұрапжатты. Қаланың кіре берісіндегі пұттар да

қаланың ішіндегі алып пұттар да түгелдей қиратылып,

орны тегістеліп тасталыпты. Кеше ғана титтей бір нәрсе

бола қалса, пұттарының атын айтып шулайтын ел бүгін

пайғамбарларын көріп, Хақ тағаланың атын ұлықтап

жатты. Қала халқы құлшылық уақытында барлығы

бірдей пайғамбарларымен бірге сәждеге жығылды.

Осылайша қарғысқа ұшыраған ел аяқ астынан бақытқа

кенелді. Хазірет Жүністің «ижтиһадтағы» мүлт кеткен-

дігі жүз мың халықтың иманға келуіне себеп болды.

Иә, барлық пайғамбарлардың мүлт кетулері үлкен

348

«Саффат» сүресі, 145-146