Previous Page  267 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 267 / 352 Next Page
Page Background

267

Зәкәрия мен Яхия

пайғамбар (а.с.)

Зәкәрияның (а.с.) есімі Құранда сегіз мәрте кез-

деседі

349

. Зәкәрия пайғамбарды тарихшылар хазірет

Сүлейменнің ұрпағынан тараған деп айтады. Ол хазірет

Иса дүниеге келмей тұрып, Исрайыл ұрпақтарына

пайғамбар етіп жіберілді. Зәкәрия Исрайыл халқын

Хақ тағалаға ғана құлшылық етуге, шақырды. Ол

пайғамбарлықпен келген кезде, ел азғындап, адамгер-

шіліктен айрылған болатын. Пайғамбарға да, дінге де

қырын қарай бастады. Исрайыл халқының дүниенің

соңына түскені сонша – бара-бара Аллаһ тағаланы да,

ақыретті де ұмытты. Дінге қарсы аянбай тер төгетін

күйге түскен еді. Олар дінге емес шайтанның азғыруына

құлақ түрді. Нәпсінің құлақкесті құлына айналды.

Мұнымен ғана шектеліп қалмай, елдегі пайғамбарларға,

салиқалы, тақуа кісілерге өлердей өшігіп, тіпті соларды

құрту жолында қан төгуден аянбайтын еді

350

.

Хақ пайғамбар ұзақ жылдар бойы олардың күнә

жасауына бөгет болып, хақ дінге шақырып, туралықты

насихаттады. Алайда олар оның сөзіне құлақ аспады.

Хақ пайғамбар олардан қартайғанша озбырлық көрді.

Қартайып самайына ақ түскен шақта да «Мен өлген соң

Исрайылұрпақтарыныңкүні неболарекен»депуайымға

қатты беріледі. Өйткені елдің байлары мен көсемдері

349

«Әли Имран», «Әнғам», «Мәриям», «Әнбия» сүрелері

350

А.Л.Казанжы, Пейгамберлер халкасы, Стамбул. 1997. 203-

207 беттер