Previous Page  271 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 271 / 352 Next Page
Page Background

271

Зәкәрия мен Яхия пайғамбар (а.с.)

Ол асқан тақуа, құлшылықжәне ілім, соныменқатар,

дін істерінде өз заманының теңдесіз биік тұлғаларының

бірі болды;

Бел қуаты күшті бола тұра, нәпсісінің тізгінін ұстай

білді;

Хазірет Исаның пайғамбарлығын растап, оған

көмектесті.

Әкелі балалы қос пайғамбарИсрайыл ұрпақтарынан

шығатын ақырғы пайғамбарды қарсы алуға дайындық

жасап, ол пайғамбар болып келген кезде көмекшілері

болатын еді. Бірақ осы қос пайғамбар да Исрайыл

ұрпақтарының қолынан шейіт болады.

Осы арада

олардың Исраил ұрпақтарының қолынан қалай шейіт

болғанын айта кету керек.

Хазірет Мәриям бір күні ешқандай еркек кіндікке

жоламай-ақ Хақ тағаланың құдіретімен көтерген бала-

сын алып еліне келгенде халық шуылдап ортаға алып,

«бұл бала кімнен туған?» деп, өсекке таңа бастайды.

Сонда құндақтағы сәби Исаға тіл бітіп, өзінің әкесіз

дүниеге келгендігін білдіреді. Осыған халық әу баста

сеніп тарқағанмен, кейіннен: «Мұның әкесі сенсің. Біз

саған ғана сеніп тапсырған болатынбыз», – деп хазірет

Зәкәрияға жала жауып, күндердің күні тобыр халық өз

пайғамбарларын шейіт етеді.

Хазірет Яхия да көп ұзамай әкесінің кебін киеді.

Бірде Исрайыл ұрпағының көсемдерінің бірі жақын

туысының қызына құмартып, сол қызды әйелдікке

алмақ болады. Оның некесін қиюға хазірет Яхияны

шақырады. Алайда хазірет Яхия туысына үйлену харам

екендігін айтып, үйленуіне рұқсат бермейді. Оның осы

сөзіне қатты ашуланған исрайылдықтар кек сақтайды.

Сол кек ұлғайып, соңыЯхия пайғамбардың басын кесіп,

шейіт етумен бітеді.