275
Иса пайғамбар (а.с.)
адам әсте біреуге аузын ашып, тіл қатпайды. Бар-жоғы
айтқысы келген нәрсесін ыммен жеткізеді
359
.
Хазірет Мәриям жаңа туған сәбиін құндақтап,
құшағына алып, ел ішіне қарай жолға шығады. Ол жа-
сынан тақуалығымен танылған қыз болатын. Мәриям
қыздың әрбір іс-әрекеті мен қылығы ел ішіне аңыздай
тарайтын. Енді міне, сол бойжеткен қыз сәбиін көтерген
күйі, өздеріне бет алып келеді. Қала халқы оны көрген
кезде, беттерін кезек-кезек шымшып, көздерімен ішіп-
жеп бара жатты. Ақырында бәрі оны қаумалап алып:
«Ей, Мәриям! Бұл қылығың қалай? Сен туралы ел ау-
зында жүрген өсекке сенбей жүр едік. Бұл не масқара?»
– десе, енді бірі: «Әй, Харунның қарындасы! Көзі
тірісінде әкеңнің жаман қылығын көрмеп едік. Марқұм
тірі жанға қиянат жасапты дегенді естімеген едік.
Байғұс шешеңнің де ешқандай жамандығы жоқ бола-
тын. Сонда сен кімге тартып мұндай арсыздыққа барып
жүрсің? Біз сені мінәжатханада күндіз-түні құлшылық
қылып, бала болып ойнап көрмеген, бойжеткенде ер
кісінің жүзін көрмеген тақуа қыз деп мақтан тұтушы
едік. Мына ісіңді бізге қалай түсіндірмексің?!» деп
шулай кетеді. Олар аузына келгенін айтып кінәлаған
кезде, ол үнсіз тұра берді. Бір кезде халық көп жина-
лып, бұған қарсы дөрекі сөздер айта бастағанда хазірет
Мәриям өзінің аузын бекіткенін сондықтан сөйлей
алмайтындығын, ал олардың сұрақтарына құшағындағы
сәби баланың жауап беретінін меңзеп балаға ишарат
етеді. Бірін-бірі ентелеп, Мариямды қаумалап тұрған
халық: «Әй, мына қыз не деп тұр өзі! Есінен ауып
қалған ба? О заман да, бұ заман құндақтағы жаңа туған
359
Сабуни, Нубууә, 255-бет; А.Л.Казанжы, Пейгамберлер
халкасы, 250-255 беттер