281
Иса пайғамбар (а.с.)
елемейді де. Алайда әбден қинап өлтіргеннен кейін,
қалтасын қарағанда, расында да, өздерінің ұстатқан
ақшаларын көріп қатты таңғалады. Сол кезде ғана істің
мән-жайы басқаша болғанын аңғарады. Дереу Тайта-
носты іздей бастайды. «Ең алдымен үйге сол бастап
кірді. Біз үйді тінтіп шыққанда, Исадан өзге ешкімді
көрмедік. Егер ол анық Иса болғанда, бізге оны ұстап
берген Тайтанос қайда кетті? Ал бұл Тайтанос болса,
онда Иса қайда кетті? Ақша дар ағашына шегелеп
өлтірген адамның қалтасынан шыққанына қарағанда ол
Иса болмағаны ма? Сонда ол көкке ұшып кетті ме?» –
деп бастары қатады.
Құранда ол туралы:
«Тағы да «Аллаһтың елшісі
Мәриямұлы Иса Мәсихты өлтірдік!» дегендік-
тері... Негізінде, олар оны өлтірген де, асқан да жоқ.
Бірақ көздеріне ұқсасы көрсетілді. Расында, оның
пайғамбарлығы туралы сөз таластырғандар өлтіру
туралы да сөз таластыруда. Бірақ олар күмәннің ғана
жетегінде. Олар оны анық өлтірмеді. Аллаһ оны өз та-
рапына көтерді. Аллаһ өте үстем, хикмет иесі»
деп,
хазірет Исаның өлтірілмей көкке көтерілгендігі жайлы
ақиқат баяндалған
367
.
Иса пайғамбардың дүниеге әкесіз келуі қандай
таңғаларлық мұғжиза болса, оның көкке тірідей
көтеріліп кетуі де дәл сондай мұғжиза. Көкке көтерілген
пайғамбар күндердің күнінде жер бетіне «Дәжжал»
(Тажал) келіп, адамзатқа бұрын-соңды болмаған
зұлымдық жасаған шақта Хақ тағаланың әмірімен
жерге түсіп, сол Тажалмен соғысып жеңеді. Бұған
қоса бұзылған христиандарды да түзейді. Шоқынған
367
Кеңірек мағлұмат үшін қараңыз: Ахмед Бәһжәт, Әнбияуллаһ,
355-362 беттер