286
Пайғамбарлар тарихы
анасынан тұлдыр жетім қалған баланы Меккеге әкеліп,
атасының қолына табыс етеді.
Алты жасынан сегіз жасына дейін атасы
Абдулмұтталибтің қолында өсті. Атасы қайтқанда,
марқұмның өсиетімен әкесінің бауыры Әбу Тәліптің
қарамағына берілді.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) он екі жасқа толғанда,
саудамен айналысатын көкесі Әбу Тәліптің бір жағына
шығысып, Сирияға бірге сапар шегеді. Алайда, олар
Бусрадегенжерденкеріоралуғамәжбүрболады.Өйткені
жолда Бахира атты монахқа жолыққан еді. Хазірет
Мұхаммедтің (с.а.с.) бойынан соңғы пайғамбардың
белгілерін байқаған Бахира Әбу Тәліпке кері қайтуға
кеңес береді. Себебі балаға яһудилердің зияны тие ме
деп қорыққанын жасырмайды
371
.
Бала кезінде бірде Мекке маңында Әбу Тәліптің
қойын бағып жүріп жергілікті халықтың тойына
бармақшы болғанында, жолда ұйықтап қалып, той
тарқаған соң бір-ақ оянғанын айтқан
372
. Өмірінде кез-
дескен осындай бірқатар оқиғалар
373
Аллаһ тағаланың
оны кішкене кезінен күнәдан сақтаған исмет сипатын
аңғартып тұр.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) 591 жылы жиырма жасқа
толғанда «Хилфул-Фудул» қоғамына мүше болып
кіреді. Бұл қоғамМеккедеозбырлықболмауынқадағалап,
біреудің біреуге әлімжеттік жасауына жол бермейтін.
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарлық келгеннен
371
Ибн Сағыд, Табақат, 1\153-155; Табари, Тарих, 1\194-195,
Қысасул-әнбия, Ахмед Жевдет Паша.
372
Сүһәйли, Раудатул-үнф, 1\81
373
Қараңыз: Бухари, Сахих, 1\143 (357); Ахмед ибн Ханбәл,
Мүснәд, 3\310 (14371)