288
Пайғамбарлар тарихы
келді. Бұның соңы қақтығысқа, жаға жыртысар
жанжалға ұласу қаупі туындағандықтан, тығырықтан
шығар жолды Құрайыштың ең жасы үлкен қариясы
Әбу Үмәйя ибн Мұғира көрсетеді:
– Қаласаңыздар, бұның төрелігін ертең Сафа
қақпасынан бірінші болып аттаған кісіге қалдырайық.
Бәрі осыны құп көрді.
Ертесі күні Аллаһтың қалауымен қақпадан алғаш
болып хазірет Мұхаммед (с.а.с.) кірді. Халық басқаның
емес өздері «әл-Әмин» деп атаған шыншылдығымен
аты шыққан кісінің келгеніне айрықша қуанып, оның
төрелігіне жүгінеді
375
.
Талас-тартыстыңнеден туындағанын түсіндіргенде,
хазірет Мұхаммед (с.а.с.) көп ойланып жатпастан мата
сұратты. Қара тасты соның үстіне қойдырып, әрбір
рудан бір кісі ортаға шығарып, матаның пұшпағынан
ұстатып, тиісті жерге жеткізгеннен кейін, қара тасты
Аллаһ елшісі (с.а.с.) өз қолымен орнына қойды. Оның
бұл тапқырлығына бәрі тәнті болды. Осылайша талас-
тартысқа соңғы нүкте қойылды
376
. Бұл кезде хазірет
Мұхаммедтің (с.а.с.) жасы отыз бесте болатын.
Пайғамбарлықтың келуі
Хазірет Мұхаммед (с.а.с.) қырыққа таяғанда,
оңашада ой кешіп, жаратылыстың тылсым құпияларына
үңілетін. Елден жырақ құлшылық жасайтын. Осы
мақсатта ара-тұра Хира тауындағы үңгірге барып-
тұруды әдетке айналдырды. Азық алу үшін ғана үйге
келіп, көп кідірмей қайта кететін.
375
Муснәд, 3/425; Ибн Һишам, 1/209.
376
Ибн Сағыд, Табақат, 1\146; Табари, Тарих, 2\ 201