Previous Page  291 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 291 / 352 Next Page
Page Background

291

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

бастады. Алғаш болып мұсылмандықты жары Хадиша

(р.а.) қабылдады. Одан кейін үлкендер арасынан

Әбу Бәкір (р.а.), құлдар арасынан Зәйд ибн Хариса

(р.а.), жастардан Әбу Тәліптің ұлы Әли (р.а.) Исламға

мойынсұнды.

Әбу Бәкірдің (р.а.) себепкерлігімен де көптеген

адамдар мұсылмандықты қабылдады. Атап айтқанда,

Осман ибн Аффан, Абдуррахман ибн Ауф, Сағыд ибн

Әбу Уаққас, Халид ибн Саид және Әбу Зәрр Ғифари

(р.а.).

Исламды алғаш қабылдаған адамдар «Сабиқуна

әууәлун» деп аталды.

Халықты дінге үш жылдай жасырын шақыруға

мәжбүр болды. Мұсылмандар құрайыштардың

қарсылық танытатындығын біліп, намаздарын да жа-

сырып оқыды.

Дінге ашық шақыру

Үш жылдан соң дінді ашық насихаттау турасында

аят түсті:

وَأَنذِرْ عَشِيرَتَكَ الَْقْرَبِينَ {412} وَاخْفِضْ جَنَاحَكَ لِمَنِ اتّبَعَكَ مِنَ

الْمُؤْمِنِينَ {512}

«Жақын туыстарыңды дінге шақыр. Мүминдерден

саған ергендерге рақымдылық таныт»

382

.

Осыдан бастап Аллаһ елшісі (с.а.с.) жақын туыста-

рын қонаққа шақырып, оларға Ислам дінін насихаттай

бастады. Аллаһ елшісінің (с.а.с.) насихатын естігенде,

туыстары теріс айналды. Өз көкесі Әбу Ләһаб та оның

айтқандарына өре түрегеліп қарсы шықты.

382

«Шуара» сүресі, 214 – 215 аят