Previous Page  297 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 297 / 352 Next Page
Page Background

297

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

Мекке мүшріктері Пайғамбарымызды қорғаштап

жүрген Әбу Тәліпке бірнеше рет келіп: «Жиенің

халықты дінге шақыруын қойсын немесе сен оны

қорғаудан бас тарт» деп талап ететін.

Әбу Тәліп Аллаһ елшісін өзіне шақыртып,

құрайыштардың қандай талап қойғандығын білдіреді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) көз шарасы жасқа толып: «Олар

менің оң қолыма – Күнді, сол қолыма – Айды ұстатса

да мен бұдан бас тарта алмаймын» деп жауап қатты

389

.

Пайғамбарымыздан (с.а.с.) мұндай жауапты естіген

құрайыштықтар Дарун-Нәдуада

390

бас қосады. Олар

пайғамбардың көзі жойылмайынша, бұл істен бас тарт-

пайтынын, сондықтан оны өлтірген адамның алдына

жүз түйе салып беретін болып уағдаласады. Мұндай

қомақты сый тігілгеніне қарамастан пайғамбардың

көзін жоюға ешкімнің жүрегі дауламайды. Тек Омар

ибн Хаттаб қана «бұл істі өзім жайғаймын» деп орны-

нан сілкіне тұрады.

Омар қолына қаруын алып, Пайғамбарымызды

(с.а.с.) өлтіруге бара жатып, қарындасы Фатима мен

күйеу баласы Саид ибн Зәйдтің мұсылман болғанын

естиді. Естиді де, әуелі өзінің туыстарын өлтіру

үшін кері бұрылады. Дәл осы кезде әпкесінің отбасы

«Таһа» сүресінің алғашқы аяттарын оқып жатқан еді.

Олар ағасын көрген сәтте Құран аяттарын жасырмақ

болады. Бірақ жасырып үлгермейді. Алғашында ашуы

алқымына тығылып, күйеу баласына қол көтереді. Ара

389

Ибн Хишам, Сира, 2\101

390

Пайғамбарымыздың арғы аталарының бірі Құсайдың

тарапынан Қағбаның қарсы алдында тұрғызылған ғимарат.

Онда Мекке қалалық мемлекетінің барлық мәселелері

қаралатын.