296
Пайғамбарлар тарихы
Хазірет Әбу Бәкір (р.а.) оны осындай қиын
жағдайлардан бірнеше рет арашалаймын деп, өзі де
талай рет оңбай таяқ жеген еді
388
.
Осындай түрлі қиындықтарға сабыр ете жүріп,
жұртты дінге ашық шақыруын тоқтатқан жоқ. Бірақ
мүшріктердің мұсылмандарға әңгір-таяқ орнатуы
күнбе-күн асқына түсті.
Эфиопияға қоныс аудару
615жылыбіртопмұсылмандінді қорғаумақсатында
Аллаһ елшісінен (с.а.с.) рұқсат алып Хабашистанға
(Эфиопия) көшті. Меккеліктердің Эфиопиямен
сауда қатынасы жолға қойылғандықтан, ол жақтың
жағдайларына қанық болатын. Әрі Эфиопия патшасы
әділдігімен танылған кісі еді. Алғашқы көшкендердің
саны он бес адам болатын, бесеуі әйел еді. Арасында
Пайғамбарымыздың қызы Руқия мен күйеу баласы
Осман ибн Аффан да (р.а.) бар.
Келесі жылы Эфиопияға мұсылмандардың екінші
легі аттанды. Алғашқыларға қарағанда олардың қарасы
көп болатын. Нақтырақ айтқанда, сексен екі ер кісі
және он әйел.
Бірақ, мүшріктер оларға Эфиопияда да тыныштық
бермеді. Құрайыштықтар Эфиопия патшасына сый-сы-
япат ұсынып, мұсылмандарды кері қайтаруды талап
етті.
Эфиопияпатшасымұсылмандардыөзінешақыртып,
Жағфар ибн Әбу Тәліптен жағдайды түсіндіруін
сұрайды. Жағдайға қаныққан соң, пана іздеп келген
адамдарға опасыздық жасай алмаймын деп Құрайыш
елшілерін кері қайтарды.
388
Ибн Кәсир, әл-Бидая уән-Нихая, 3\29, 30