Previous Page  302 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 302 / 352 Next Page
Page Background

302

Пайғамбарлар тарихы

Мүшріктер Исра

394

мен Миғраж деп атала-

тын бұл екі оқиғаны да мойындағысы келмеді.

Олар Пайғамбарымыздың Йерусалимде ешқашан

болмағандығын білгендіктен, бәрі жиналып келіп

одан Йерусалим мен Ақса мешіті туралы тәптіштеп

сұрай бастады. Пайғамбарымыз (с.а.с.) мүшріктердің

сұрағына мүдірмей жауап берді.

Амалы таусылған мүшріктер: «Ей, Мұхаммед! Ра-

сында сен сұрақтардың барлығына дәл жауап бердің»

дейді. Алайда, өздері иманға келмейді.

Миғражда Пайғамбарымызға (с.а.с.) бірқатар дін

үкімдері білдірілді. Олар: бес уақыт намаз оқу, Аллаһқа

серік қоспау, ата-анаға құрмет көрсету, туыс-туғанға

қарайласу, кісі ақысын жемеу, ысырапшылдық жаса-

мау, қыз балаларды өлтірмеу, зинаға жоламау, нақақтан

нақақ кісі өлтірмеу, жетімдерге қамқорлық, уәдеде

тұру, таразыдан жемеу, тәкаппарланбау., т.б

395

.

Мұғжиза көрсе де мүшріктердің дінді мойында-

мауына бір жағы бақталастық пен күншілдік те себеп

болғанын айта кеткен жөн. Оны мына бір оқиғадан

байқаймыз.

Муғирә ибн Шуғбә былай дейді:

«Бірде Әбу Жәһилмен бірге отырғанда, Аллаһ

елшісі келіп, үгіт-насихат айта бастады.

Бұны естігенде Әбу Жәһил ызаланып:

«Ей, Мұхаммед! Егер о дүниеде үгіт-насихат

айтқаныңа куәгер болатын адам іздеп жүрсең, арам-

терлікті қой, керек болса өзім-ақ куәгерлік етемін. Тап

қазір мені мазалағаныңды доғаршы», – деді.

Аллаһ елшісі үндеместен тұрып кетіп қалды.

394

Түнгі сапар.

395

«Исра» сүресі, 23-39 аят.