Previous Page  301 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 301 / 352 Next Page
Page Background

301

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

Бірақ, Тайыфтықтар Исламды қабылдамады. Азулы

мүшріктердің айтақтауымен жұрт Аллаһ елшісіне тас

лақтырып, үсті-басын қан-жоса етті. Пайғамбарымыз

(с.а.с.) серігімен Тайф маңындағы тауды паналап

әрең аман қалды. Осы оқиғадан кейін арада біраз жыл

өткенде, Аллаһ елшісінен (с.а.с.): «Ухуд шайқасынан

бөлек, күллі дүние аяғыңыздан көшіп қиналған кезіңіз

болды ма?» деп сұрайды. Сонда ол: «Тайфте көрген

оспадар озбырлықты әлі ұмыта алар емеспін. Көңілде

сызы қалып қойыпты» деп жауап берген еді.

Ең жақын екі адамының қайтыс болуы Пайғам-

барымыздың қабырғасын қайыстырып, қаусатып кетті.

Мұсылмандар арасында бұл жыл «қайғылы жыл» деген

атаумен есте қалды.

Мүшріктердің кезекті әрекетінен соң Пайғам-

барымыз (с.а.с.) үйіне келіп, үстін қағып жатып: «Көкем

Әбу Тәліп тірі болғанда, бұлар мұншалықты басынбас

еді» деп қапаланғаны бар.

Аллаһ тағала сүйікті құлының қайғысын жеңілдету

үшін оны бір түнде Меккедегі Мәсжидул-Харамнан

Құдыстағы (Йерусалим) Мәсжидул-Ақсаға апарады.

Ой жіберіп, жүрегіне үңілген әрбір адам бұл оқиғадан

Аллаһ тағаланың алдында Пайғамбарымыздың қадір-

қасиетінің қаншалықты екенін байқайды. Ақса мешітін-

де Ақиық елші (с.а.с.) бұрынғы пайғамбарлардың

рухтарымен кездесіп, Жәбірейіл періштемен бірге

миғражға

393

көтеріледі. Ғарыштың әр қабатында өзінен

бұрынғы пайғамбарлармен кездеседі. Содан кейін

жұмақ пен тозақ көрсетілді. Сол түні Пайғамбарымыз

(с.а.с.) Аллаһ тағаламен тікелей тілдеседі.

393

Ең жоғарыдағы мекен. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Аллаһ

тағаланың құзырына көтерілу мұғжизасы.