298
Пайғамбарлар тарихы
түскен қарындасын да қалпақтай ұшырады. Деген-
мен олардың алған бетінен қайтпайтынына көз жеткі-
зеді. Құран парақтарын қолына алып оқиды. Құранды
оқыған кезде бойын ерекше бір сезім билеп, қатты
толқиды. Артынша тілін кәлимаға келтіргенді жөн са-
найды. Осыдан кейін ол Пайғамбарымызға (с.а.с.) келіп
өзінің мұсылмандықты қабылдағандығын айтады
391
.
Сол күні алғаш рет Қағбада Пайғамбарымыздың
өзі бас болып жамағатқа намаз оқытты. Бұл мүмкіндік
хижретке дейін тумады.
Омардың (р.а.) мұсылман болуы мұсылмандардың
рухын бір көтеріп тастады. Өздерін еркін сезініп, батыл
қимылдайтын болды. Алайда, мүшріктер өздерінің
жеңіске жететініне әлі де болса сенімді еді.
Омардың (р.а.) мұсылман болуы туралы әрі
Бәйтуллаһта (Аллаһтың үйі қасиетті Қағбада) жамағат-
пен намаз оқылды деген хабарды Эфиопиядағы
мұсылмандар басқаша түсініп қалды. Осыған байла-
нысты кіндік қаны тамған жерлерін аңсаған Эфио-
пиядағы мұсылмандар Меккеге қайтып оралудың
сәті туды деп біліп, еліне оралады. Алайда, Мекке-
де бәз баяғыша мүшріктердің дәурені жүріп тұрған
болатын. Оралғандардың бір бөлігі кейбір дәулетті
мүшріктердің қорғауымен Меккеге кірсе, екінші бір
бөлігі жасырынып қалаға түнде кіруге мәжбүр болды.
Шаһарға түн жамылып кірген мұсылмандар Меккеде-
гі жағдайдың өзгермегендігіне көздері жетті. Соққыға
жығылды. Бірақ бәрібір Меккеден кеткілері келмеді.
Осы аралықтарда Мекке мүшріктері жиналып келіп
Аллаһ елшісінен аспандағы айды қақ екіге бөлетін
мұғжиза көрсетуін талап етті. Мақсаттары – оны
391
Ибн Хишам, Сира, 2\187