Previous Page  304 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 304 / 352 Next Page
Page Background

304

Пайғамбарлар тарихы

Келесі жылы қатары тағы алты адамға толыққан

олар қажылық кезінде Мина қаласында «Ақаба» деген

жерде Пайғамбарымызбен кездеседі. Келесі жылы тағы

келуге уәде береді.

Екінші Ақаба серті

Келесі жылы айтылған уақытта олардың қатары

біршама көбейеді (жетпіс үш ер, екі әйел). Бұл жолы

мынадай келісімге келеді. Келісім бойынша Аллаһқа

серік қоспауға, ұрлық жасамауға, зинаға жоламауға,

балаларды өлтірмеуге, жала жаппауға, игі саналған

істе Пайғамбарымызға (с.а.с.) қарсы келмеуге, алда-

жалда Мәдинаға пана іздеп келген мұсылмандар болса,

олардың мал-мүлкін, өзін қорғауға алатындарына серт

береді.

Хижрат

Милади 622 жылы Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мек-

кедегі барлық мұсылмандарға Мәдинаға көшуге әмір

береді. Мұсылмандардың кейбірі өз бетінше, кейбірі

топтасып Мәдинаға қоныс аударады. Бұған алаңдаған

мүшріктер өзара бас қосады. Нәтижеде «Біз Мекке-

де мұсылмандардың сағын сындыра алмадық. Олар

Мәдинаға көшетін болса бой бермей кетеді. Сондықтан

да, уақыт оздырмай Мұхаммедтің көзін құрту керек»

деген шешімге келеді. Пайғамбарға қастандық жасау

үшін жан-жақты дайындалады. Үйді қоршап, торуыл-

дайды. Аллаһ елшісі (с.а.с.) өзін аңдыған мүшріктердің

қолына түспей түнделетіп Әбу Бәкірдің (р.а.) үйіне

келеді. Олар Сәуір тауындағы үңгірге жасырынады.

Үңгірді үш күн паналап, төртінші күні жолға шығады.

Жолда хазірет Әбу Бәкір Пайғамбарымыздың

(с.а.с.) тағы бір ғажап мұғжизасына куә болды. Бір бала