310
Пайғамбарлар тарихы
Олар шайқасты көпке созбай қарсыластарын жер
жастандырады. Убәйда ибн Харис ауыр жараланып,
қайтар жолда қаза болады. Бәдірде Мұсылмандар
мүшріктерді ойсырата жеңеді. Майдан даласын-
да Әбу Жәһилдің, Үмаййа ибн Халаф сынды азулы
мүшріктердің көзі жойылды. Мүшріктердің кері шегі-
нуден басқа амалы қалмады. Осылайша мұсылмандар
алғаш рет жеңістің дәмін татты.
Ұхұд соғысы (625 ж.)
Бәдірде күтпеген жерден жеңіліске ұшыраған
Құрайыштар мұсылмандардан қайткенде де кек
қайтаруды көздеді. Құрайыштардың бетке ұстар
көсемдерінің көбісі сол шайқаста көз жұмған еді. Ендігі
бар үміті Әбу Суфиянда болатын.
Мүшріктер тағы да әскер жасақтады. Бұл жолғы
әскер саны Бәдір шайқасына қарағанда үш есе көп
болатын. Мүшріктер осы қалың қолмен Мәдина
маңайындағы Ұхұд тауының етегіне барып жайғасты.
Осы тұста Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабаларына
көрген түсін айтады. Түсін жорып, Мәдина қаласынан
шықпай шайқасуды жөн көретіндігін білдіреді. Жастар
жағы пайғамбардың бұл шешімінің мәнмаңызын
түсінбей жаумен ашық майданда бетпе-бет шайқасуға
ерік беруін өтінеді. Көпшіліктің ұсынысымен ұрысты
ашық алаңда өткізуге шешім қабылданады.
Ұрыс кезінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) Айнейн жо-
тасындағы садақшыларға сол жерден тапжылмауын
бұйырады. Шайқаста мұсылмандар күш ала бастағанда
Айнаейн жотасындағы садақшылар Пайғамбарымыз-
дың бұйрығын ұмытып олжаға ұмтылады. Осы ұрымтал
сәтті пайдаланған жау қолы мұсылмандардың ту сыр-