Previous Page  316 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 316 / 352 Next Page
Page Background

316

Пайғамбарлар тарихы

Ол келісімді бұзған құрайзалықтарға тиісті жазас-

ын береді.

Хұдайбия келісімі

628 жылы Аллаһ елшісі (с.а.с.) мұсылмандарға

Қағбаға зиярат жасайтындықтарын білдіреді. Көп

ұзамай 1400 мұсылман Меккеге умра үшін жолға

шығады.

Алайда, құрайыштар олардың Меккеге кіргенін

қаламайды. Мұсылмандар өзара келісімге келу үшін

өз тарапынан Осман ибн Аффанды елші етіп жібер-

ген болатын. Көп ұзамай оның өлтірілгендігі туралы

жалған хабар келеді. Оның жалған екендігін білмеген

мұсылмандар жаумен шайқасуға бел буады.

Сахабалардың әрқайсысы шайқастан бас тарт-

пайтындықтары, Аллаһ жолында шайқасуға дайын

екендігі туралы Пайғамбарымызға жеке келіп серт

берді. Бұл Ислам тарихында «Рыдуан серті» деп аталып

кетті. Артынан Османның аман екендігін естіген

мұсылмандардың көңілі орнына түседі.

Сахабалардың серт бергенін естіген мүшріктер

мұсылмандардансескеніпбейбіткелісімгекелуді ойлай-

ды. Олар он жыл көлемінде бір-бірінің қанын төкпеуге

Қағбаны келер жылы тауап етуге, сонымен қатар

МәдинадағымұсылмандарданМеккені паналағандарды

кері қайтармауға келіседі. Алайда, Меккеден Мәдинаға

кім барса да, мейлі мұсылман болсын, мейлі мүшрік

болсын, ол адам кері қайтарылуы тиіс деген шешімге

келеді. Бұл «Хұдайбия келісімі» деген атпен тарихта

қалды.

Келісімге қол қойылғаннан кейін Пайғамбарымыз

бен оның сахабалары құрбандықтарын шалып, шашта-