Previous Page  318 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 318 / 352 Next Page
Page Background

318

Пайғамбарлар тарихы

көнбесе, онда: «Біздің мұсылман болғанымызға куә

бол!» – деңдер»

411

.

Бұл сөздер Ираклийге айрықша әсер етеді. Импе-

ратор Әбу Суфиянды шақыртып, екеуара арасындағы

әңгіме былайша өрбиді. Ираклий:

Бұл адамның тегі қандай?

– Ақсүйек

– Бұрынғы ата-бабаларынан осындай пікірде

болғандар бар ма еді?

– Жоқ, болған емес.

– Ата-бабалары арасында ел билегендер шықты

ма?

– Жоқ, шыққан емес.

– Оған ілескендер әлсіздер ме, әлде бай-

бақуаттылар ма?

– Көбісі әлсіз жандар.

– Жамағаты азаюда ма, әлде көбеюде ме?

– Күн өткен сайын көбеюде.

– Жалған сөйлеген жері болды ма?

– Жоқ, оның ешқашан жалған сөйлегенін көрмедік.

– Опасыздық жасаған жері болды ма?

– Бұдан кейінгісін қайдам. Бүгінге дейін жасаған

жоқ.

Әбу Суфиян ол кезде әлі мұсылмандықты

қабылдамаса да Аллаһ елшісінің турашылдығын ерік-

сіз мойындағанды

412

.

Алайда олардың арасынан тек Эфиопияның пат-

шасы Ашама ғана мұсылмандықты қабылдайды. Ал

кейбіреулері Пайғамбарымыздың ұсынысын сыныққа

411

Бухари, Бәд’у’л-Уаһи, 6

412

Ф. Гүлен. Ғаламның рақым нұры Мұхаммед пайғамбар. (Ауд:

А. Әшен) 116 б. Көкжиек баспасы, Алматы – 2007.