320
Пайғамбарлар тарихы
– Уа, Аллаһтың елшісі! Әли ауырып қалды.
Алайда Пайғамбарымыз сөзін тағы қайталады.
Әлден уақытта Әлидің (р.а.) төбесі көрінді. Жанына
батқан дерттен жанары тантып, төңірегін ажырату-
дан қалған еді. Пайғамбарымыз оның көзін қасиетті
түкірігімен сулады мұң екен, жанары шаттай ашылып,
ауруынан құлан-таза айығып сала берді. Әлиге (р.а.)
туды ұстатып тұрып жауды әуелі Исламға шақыруын
тапсырады. Хазірет Әли аттанып бара жатып
Пайғамбарымыздың: «Сен арқылы бір адамның болса
да, Исламдықабылдауыдүниедегі барлықжақсылықтан
абзал» деген өсиетін естиді.
Хазірет Әли (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.)
бұйрығын екі етпей, алдымен Хайбардың халқын
Исламға шақырады. Осы сәт мүшріктер де қаймықпаған
мінез танытады. Ержүректігімен аты шыққан қамал
басшысы Мәрхаб бекіністің қақпасын ашып, қамалдан
шығады да сарбаздарын сапқа тұрғызады.
Мәрхаб өзін дәріптейтін өлеңді оқып, сарбаздардың
рухын жаниды. Ол Әлимен жекпе-жекке шығады.
Алайда, бұл оның ақтық шайқасы болды. Әрі бұл
жағдай Хайбар халқының сағын сындырды. Сол күні
мұсылмандар толық жеңіске жетті. Хайбар бірнеше
мықты бекінісімен қоса толығымен мұсылмандардың
қолына өтті. Алайда, Мекке мүшріктері Хайбардың
мұсылмандардың қолына өткеніне сене алмай әрі-сәрі
күй кешті.
Умра
629 жылы Пайғамбарымыз (с.а.с) сахабаларымен
екінші умра жасауға жолға шығады. Қылыштан басқа
қару алмайды.