Previous Page  322 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 322 / 352 Next Page
Page Background

322

Пайғамбарлар тарихы

Халид ибн Уәлидке ұстатады. Халид ибн Уәлид осы

шайқаста мүшріктердің бетке ұстар тоғыз адамын

жер жастандырады. Мұсылмандар шайқас тәсілін жиі

өзгертіп, жаудың құтын қашырды. Мута шайқасы

мұсылмандардың жеңісімен аяқталады.

Меккенің азат етілуі

Худайбия келісімі бойынша араб тайпалары

қалаған жағымен байланыс орнатып келісім жасай алу

мүмкіндігіне ие болған еді. Осы себепті Хузаа тайпасы

мұсылмандармен, ал Бәкра тайпасы құрайыштармен

келісімге отырды. Екі тайпа бірталай уақыт бейбіт өмір

сүрді.

Бірде күтпеген жерден құрайыштармен келісім

жасаған Бәкра тайпасы Хузаа тайпасын шабады.

Нәтижеде жиырма адам көз жұмып, көп адам жарақат

алады.

Хузаа тайпасы өз одақтастары мұсылмандарға

кісі шаптырып, Пайғамбарымыздан көмек сұрайды.

Пайғамбарымызмән-жайғақаныққансоңҚұрайыштарға

әуелі мынадай үш шарт қойды: Құрайыш Хузаа

тайпасының адам құнын төлейді; Бәкра тайпасымен

жасасқанкелісімненбас тартады; бұл екеуі орындалмаса

Худайбия келісімі үзіледі. Құрайыштар бұл шарттарды

алғашқыда елемегенмен, біраз уақыттан кейін ес жиып,

мұсылмандардан сескене бастайды. Мұсылмандар аяқ

астынан соғыс аша қалса, жағдайларының қиындап ке-

тетінін біліп, дереу ақылдасып елшілікке Әбу Суфиян-

ды аттандырғанды жөн көреді.

Әбу Суфиян уақыт оздырмай жолға шығып, Хузаа

тайпасынан бұрын қимылдап, екінші келісімге келуді

ойлайды. Алайда Мәдинаға келгенде ол жағдайдың