Previous Page  317 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 317 / 352 Next Page
Page Background

317

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

рын алдырады. Бірақ, мұсылмандар Қағбаны тауап

етпей Мәдинаға кері қайтады. Жолда ً

إِنّا فَتَحْنَا لَكَ فَتْحاً مّبِينا

«(Уа, Расулым! Меккені және басқа да мемлекеттер-

ді қол астыңа қаратуға себеп болатын Худайбиядағы

бейбіт келісім арқылы)

Біз сені шын мәніндегі ашық,

айқын жеңіске жеткіздік!…»

деген «Фәтх» сүресі

түседі

410

.

Ел билеушілеріне хат

Көп ұзамай мұсылмандардың қатары көбейеді.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) көрші мемлекеттерге Исламды

қабылдаудыұсынып, хатжөнелтеді.Нақтырақайтқанда,

хатты Эфиопия, Мысыр, Византия, Иран және Йемен

билеушілеріне жолдайды. Бұл Ардақты елшінің (с.а.с.)

бүкіл адамзатқа пайғамбар ретінде жіберілгендігінің

белгісі еді.

Бір мысал бере кетсек, Аллаһ елшісі Ираклийге

арнаған хатын Дихиәтул-Кәлби арқылы жіберді. Ирак-

лий – Рим императоры еді. Ираклийге жолданған хатта

былай делінді:

«Аллаһтың елшісі

Мұхаммедтен Рим патшасы

Ираклийге! Аллаһтың сәлемі тура жолға түскендерге

болсын! Мен сені Исламға шақырамын. Мұсылман бол

да, бақыт тап. Сонда Аллаһ саған сауабыңды екі есе

береді. Егер қабылдамасаң, онда бұқара халықтың да

обалы мойныңда.

Ей, Кітап иелері, келіңдер, арамыздағы ортақ

сөзде бірігейік. (Сендер мен біздің арамызда мағынасы

бірдей бір сөйлемге келейік). Аллаһтан басқаға құлдық

ұрмайық, Оған ешқандай да серік қоспайық және бір-

бірімізді құдай орнына қоймайық. Егер олар бұған да

410

1-аят.