Previous Page  314 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 314 / 352 Next Page
Page Background

314

Пайғамбарлар тарихы

біріктіріп, он мыңдық әскермен Мәдинаға жорыққа ат-

танды.

Мұны естіген Пайғамбарымыз (с.а.с.) сахабалары-

мен ақылдасады. Нәтижеде Салман Фарисидің пікірін

мақұл көреді. Қаланы айналдыра ор қазады. Мүшріктер

қалаға жақындағанда ор қазылып біткен еді.

Шайқастың алдында әдеттегіше батырлар жекпе-

жек күш сынасады. Жау жағынан батырлығымен та-

нымал Амр ибн Абди Уәдд ортаға шығады. Әуелгіде

онымен шайқасуға ешкімнің батылы жете қоймайды.

Сол кезде қаһарман Әли (р.а.) Аллаһ елшісінен рұқсат

сұрап онымен жекпе-жек шайқасады.

Шайқас Әлидің (р.а.) жеңісімен аяқталады. Амрдың

өлі денесін көрген дұшпан мұсылмандардан кәдімгідей

сескеніп қалады.

Меккеліктердің Мәдинаға шабуылы кезінде

мұсылмандарға қарсы әрекетке бармаймыз деп ант-су

ішкен Құрайза яһудилері арадағы келісімді бұзып,

мұсылмандарға қарсы жақтың қатарын толықтыра

түсті.

Екі жақ та бір-бірін ала алмай, шайқас ұзаққа созы-

лады. Бұлшайқастанмеккеліктер мезі болады. Бұл кезде

Ғатафан руынан Нуайм өз еркімен мұсылмандықты

қабылдайды. Ол Пайғамбарымызбен жасырын кездесіп,

жауды іштен ірітіп бір-біріне қарсы қоя алатындығын

айтады. Пайғамбарымыздан келісім алған соң құрайза

яһудилеріне келіп былай дейді: «Меккеліктер бұл

жерде ұзақ қалмайды. Олар кетісімен Мұхаммед сен-

дерді өлтіреді. Сондықтан сақтық үшін құрайыштан

кепілдікке адам сұраңдар. Кепілдер қастарыңда болса,

олар оңайлықпен кете алмайды».