Previous Page  311 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 311 / 352 Next Page
Page Background

311

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

тынан соққы береді. Осының кесірінен мұсылмандар

жеңіліске ұшырайды. Майдан даласында талай сахаба

шейіт болады. Арасында Пайғамбарымыздың көкесі

Хамза да бар еді. Оның денесін кескілеп, сау тамтығын

қалдырмаған болатын.

Ұхұдта шейіт болғандар майдан даласында жерле-

неді. Мұсылмандар Мәдинаға оралады.

Ұхұдта жеңіске жеткен мүшріктер мұсылмандарды

біржолата құртпай кері қайтпаймыз деп тас табандап

тұрып алады. Осыны сезген Пайғамбарымыз мұсылман

әскерлерінің рухын қайта жанып, Хамраул-Асад деген

елді мекенде мүшрік әскерін үш күн күтеді. Алайда, Әбу

Суфиян мұсылмандардың соңына түсіп, ақыр аяғына

дейін соғысуға батылы жетпей, әскерін келген ізімен

кері қайтарған-ды. Мұсылмандар Мәдинаға оралады.

Ражиъ оқиғасы

Мұсылмандар мен мүшріктер келесі жылы

да Бәдірде шайқаспақ болады. Алайда Сол жылы

Пайғамбарымыз (с.а.с.) ұзын саны мың жарымға жуық

әскермен Бәдірде бірнеше күн қатарынан Меккелік-

терді күтеді. Алайда Меккеліктер бұл жолы қарасын

көрсетпейді.

Хижреттің төртінші жылы Адал және Карә деген

тайпа өздерінің мұсылмандықты қабылдағандығын

айтып, Пайғамбарымызға хабар салады. Өз тұр-

ғындарына мұсылмандықты үйрететін адам жібе-

руін өтінді. Осы мақсатта Пайғамбарымыз (с.а.с.)

дінді жетік білетін он адамды аттандырады. Бірақ,

олар Ражиъ деген жерге жеткенде, күтпеген жерден

опасыздықтың құрбаны болды. Сегізі шейіт болып,

екеуі құлдыққа сатылды. Мүшріктер тұтқынға түскен