Previous Page  312 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 312 / 352 Next Page
Page Background

312

Пайғамбарлар тарихы

Хұбәйб ибн Адий мен Зәйд ибн Дәсинаны (р.а.) Мек-

кеге апарып, құлдыққа сатады. Зәйд ибн Дәсинаны

Сафуан ибн Үмәйя сатып алды. Зәйдті өлтірерде, Әбу

Суфиян халықтың көзінше одан: – Әй, Зәйд, Құдай үшін

расын айтшы, сені өлтіргенше тап қазір Мұхаммедтің

өлтірілгенін қалар ма едің? – деп сұрады. Сонда Зәйд

оған жұлып алғандай: – Мен сүйікті Пайғамбарымның

өлтірілгені тұрмақ, оның табанына абайсызда бір тікен

кіріп, жанына батқанын да қаламаймын, – деп жауап

қатады. Бұны естігенде Әбу Суфиян: – Мұхаммедті

сахабаларының құрметтегеніндей мұншалықты құр-

метке бөленген басқа ешкімді көрген емеспін, – деп

еріксіз мойындаған еді

408

.

Ал, Хұбәйб ибн Адийді (р.а.) біраз уақыт тұтқында

ұстап, оны да халықтың көзінше өлтіруді ұйғарады.

Хұбәйб ажал алдында екі рәкат намаз оқығысы ке-

летінін білдірді. Сөйтті де мынадай өлең жолдарын

оқыды: «Аллаһ жолында мұсылман ретінде өлгеннен

артық бақыт бар ма? Аллаһ қаласа менің зардап көрген

тәнімді ақыретте игілікке кенелтеді»

409

.

Бұл екі ықыласты сахаба да жанын құтқару үшін

сенімінен айнымады. Дін жолында шейіт болды.

Бұл қайғылы оқиға Ислам тарихында «Рәжиъ

оқиғасы» деген атпен қалды.

Бири Мауна оқиғасы

Хижраның төртінші жылы Сафар айында Құран

мен сүннетті үйрету үшін тағы 70 адам Амир тайпасы-

на жол тартады. Алайда олар Мауна атты құдық басына

408

Осман Кескиоғлы, Али Химет Берки, Хазрет Мухаммед ве

хаяты. 287 б.

409

Бұл да сонда.