Previous Page  299 / 352 Next Page
Information
Show Menu
Previous Page 299 / 352 Next Page
Page Background

299

Адамзаттың асылы – хазірет Mұхаммед (с.а.с.)

тұқыртып, елдің алдында абыройын айрандай төгеді.

Мүшріктердің пиғылын сезсе де Пайғамбарымыз

олардың бұл орынсыз талабын: – Егер мен сендерге сол

мұғизаны көрсетсем, иманға келесіңдер ме? – дейтін

шартпен орындауды жөн көреді. Олар келісетіндік-

терін білдіреді. Пайғамбарымыз Аллаһқа сиынып, сұқ

саусағымен түнгі аспанға ишарат жасауы мұң екен,

жиналған халықтың көзінше ай қақ екіге бөлінді. Тіпті

бір бөлігі Әбу Қуайыс, екіншісі Қуайқыян қырқасына

барып қонды. Бұл ғажап мұғжиза Ислам тарихында

«Шаққы қамар» (айдың бөлінуі) деген атпен қалды.

Алайда, өкініштісі, мүшріктер бұны да сиқырға балап,

ақиқатты көрсе де көрмегенсіп, теріс айналды

392

.

Мұсылмандарды оқшаулау

617 жылдан бастап пұтқа табынушылар мұсыл-

мандарды оқшаулап, елмен араласуына шек қойып,

оларды шөлге тықсырып, аштықпен шыбындай қырып

жіберудің амал-айласын жасап бақты. Хашимұл-

дарымен сауда-саттық жасауына, барыс-келісіне,

тіпті тілдесуіне тыйым салды. Мүшріктер мұндай

қадамға күн сайын қатары молайып келе жатқан

мұсылмандарға деген қастық пиғылмен барды. Себебі,

Мекке сауда орталығы болумен қатар қасиетті жер еді.

Шаһарға келген арабтар міндетті түрде Қағбаға тауап

жасайтындықтан, мүшріктер мұсылмандардың Қағба-

да Құран оқуын қаламайтын. Бұған қоса арабтардың

Уққаз, Мәжанна, Зүлмәжаз секілді әйгілі жәрмеңкелері

де бар еді. Пайғамбарымыз сол жәрмеңкеге жиналған

халықты Ислам дініне шақыратын. Көлеңкесіндей ар-

392

Табари әл-Жамиул-Бәян, 11\543. Ол оқиға Құранда да

баяндалған. Қараңыз: «Қамар» сүресі, 54\1, 2